«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айтбай Сәбира Зұлпыхарқызы «Ас-ауқаттың берекесі - асханалық бұйымдар» тақырыбында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс өтті.
Дәріс барысында, оқушыларға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында» сақталған ХІХ-ХХ ғ.ғ. жататын қазақтың табақ-аяқ, асханалық бұйымдары туралы, олардың адам денсаулығына пайдасы мен қасиеттері және бұйымдардың жасалу жолдары жайында мағлұмат беріп, жәдігерлердің түпнұсқаларының «Отырар» музей-қорығының қорында сақталып тұрғандығы жөнінде баяндады.
Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде өздеріне тән асханалық бұйымдары, ыдыстары болған. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш» - деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек, ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесі де шет қалмаған. Оған үлкен мән берген. Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металдардан жасаған.
«Қазақты танығың келсе, Әбілхан Қастеевтің суреттерін көр, Әміренің әнін тыңда»
Ғ. Мүсірепов
Қазақ халқының ежелден өнерлі ел екенін көркем бейнелеу өнерінің де түп-тамыры тереңде жатқанын даламызда сақталған ескерткіштер айғақтайды.
Кәсіпқой көркем бейнелеу өнері 20 ғасырдың басында Ә.Қастеевтен бастау алады. Үстіміздегі жыл Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай кескіндемеші, кәсіби суретшінің өмірі мен шығармашылығының қалыптасуы туралы насихаттау мақсатында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері
Г.Маябасова «Көкмардан» жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына «Қазақтың тұңғыш суретшісі - Әбілхан Қастеев» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында, кедей отбасында өмірге келіп, еңбекқорлықпен қойшы таяғын еліне мүлдем беймәлім қылқаламмен ауыстырған Ә.Қастеевтің өмірі мен жетістіктері туралы баяндалды.
Шара соңы, оқушыларға айтылған ақпараттарды қорыту, кері байланыс орнату мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдердің бірі "сұрақ-жауапқа" ұласып, жоғары деңгейде қорытындыланды.
Тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып, жалғасып келе жатқан зерттеулер нәтижесінде табылған жәдігерлер коллекциясынан Өзбекстан Республикасы «Самарқан» мемлекеттік музей-қорығында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырар-Самарқан: мәдениеттер сабақтастығы» тақырыбында көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық Отырар мен Самарқан қалаларының тарихи-мәдени сабақтастығын насихаттау.
Тарихи-тағылымды көрмеде ортағасырларда өркендеп, қалалық мәдениеттің шыңынан көрінген Отырар өлкесінің тарихынан мәлімет беретін Отырар даласында Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынастарының дамуы және Қарахан дәуірінен бастап Қазақ хандығына дейінгі қалалық мәдениеттің өркендеуі, сонымен қатар, Отырардағы жазба мәдениеттің дамуы туралы 170-ге жуық жәдігер қойылды.
Көрменің ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Самарқан облысы әкімінің туризм және мәдениет жөніндегі орынбасары Рустам Ражаббоевич Қобилов, Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулы Досманбетов Бауыржан Бақбергенұлы, Самарқан мемлекеттік музей-қорығының директоры Мухамадиев Хожакул, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы қатысып, құт мекен Отырардан келген көрмеге таңданысын жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
Көрме 2023 жылғы 30 қазанға дейін жалғасатын болады.
Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдаы - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай хатшысы болды.
«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған.
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл толуына орай, «ҰЛТ АЗЫҒЫ БОЛҒАН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастыра білген алғашқы басылымның өмір сүру тарихын, қызметін баяндау мақсатында ұйымдастырылған шараға, Отырар алқабы және Отырар өркениеті газетінің тілшілері – Оразбай Мұратов пен Рысбек Құлжан, Отырар аудандық орталық кітапхана қызметкерлері – Шәріпбекова Мадина, Жәмила Серікқызы, сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы жаңалықтың жаршысы атанып жүрген «Шалқыған Шәуілдір» парақшасының авторы, блогер Жасұлан Тәменов қатысты.
Шара барысында, Отырар аудандық орталық кітапхана қызметкері – Мадина Шәріпбекова «Қазақ газеті – қазақ баспасөзінің мәңгілік көшбасшысы» және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның аға ғылыми қызметкері – Гүлназ Ысқақ «Қазақтың бағына туған «Қазақ» тақырыбында баяндама оқып, «Қазақ» газеті туралы деректі фильм көрсетілді.
Шара соңында, аудандық басылым қызметкерлеріне газеттің тұрақты оқырманы санатына жас ұрпақты тарту, оқырман санын арттыру мақсатында түрлі ұсыныстар айтылып, қоғамдағы БАҚ-ның маңызы, оны жетілдіру жөнінде талқылау жүргізілді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның заманауи талаптарға сай жасақталған туристік орталық «Сапар орталығы» ғимаратында, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен, «Ордабасы – көне тарих куәсі» тақырыбындағы көшпелі көрме ашылды.
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Бахадир Исматов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның директоры Жангелді Меңлібайұлы жылы лебіздерімен көшпелі көрменің шымылдығын ашып, салтанатты түрде лента қию рәсімін өткізді.
«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының 30 жылдығы
аясында өткізіліп жатқан көрмеге, тамырын тереңге жайған қасиетті Ордабасы өңірінің ескерткіштері, музей қорындағы көне тас дәуірінен бастап, ерте қола дәуірі, Сақ, Қаңлы, Түргеш, Қарахан дәуірінің құнды жәдігерлері қойылған.
Көрме Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына 22.06. – 03.07. 2023 жыл аралығында насихатталатын болады.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, музей қорындағы жәдігерлерді сақтау, оның ішінде ағаштан жасалған заттардың сақталуына кері әсер ететін факторлардан қорғау мәселелері бойынша «Ағаш бұйымдарды сақтау және зиянкестерге қарсы шаралар жүргізу мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында, өзге өңірлерден келген музей қызметкерлеріне теориялық және практикалық сабақтар өтіліп, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның қор сақтау бөлмелеріндегі жәдігерлерді сақтау, зиянкестерден қорғау жөнінде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Шара соңында, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның директоры Жангелді Меңлібайұлы қатысушыларға өз алғысын айта отырып, арнайы сертификаттар табыстады.
Тараз қаласы, «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің «Шахристан» көрме залында «ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» тақырыбында II Халықаралық қөлөнершілер көрмесі өтті.
Халықаралық көрмеге Жамбыл облысынан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден: Бразилия, Нидерланды, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Татарстан елдерінен 200-ден астам қолөнершілер қатысты. Сонымен қатар, Тараз қаласы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап Дүниежүзілік қолөнер қалаларының қатарына қосылған тұңғыш қазақ қаласы екендігін айта кету керек.
Халықаралық көрмеге "TURKISTAN QOL ONER" Одағы қоғамдық бірлестігі мүшесі, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның суретші реставраторы және керамика шебері Ерімбетов Жанұзақ қатысып, өңірдің ұлттық құндылықтарын насихаттайтын ең үздік қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.
Көрмеге келген Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен, Орталық Азиядан, Еуропадан, көршілес елдерден және Қазақстанның тұс-тұсынан келген қолөнершілерге ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Тараз қаласының тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің ашылуы өтті.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының м.а. директоры Жангелді Меңлібайұлы Махашов пен Абай облысының құрметті азаматы, ақын, жазушы, тарихшы-өлкетанушы, Құсмілия Жырғалыұлы Нұрқасым салтанатты түрде көрменің лентасын қиды. Сонымен қатар, Жангелді Меңлібайұлы алғы сөз барысында тарихы терең, тағылымы мол шежірелі шаһар – Отырар өркениетін танытып, көрменің ашылуы бойыша мақсат, міндеттерді айқындап берді.
Көрме экспозициясы: Ұлы Жібек жолы және Отырар, Х-ХІ ғғ. Отырар Қарахан дәуірінде, ХІҮ- ХҮ ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар, ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында және Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы тақырыбындағы құрылымдар бойынша жалпы саны 150-ден астам жәдігер қойылып, жасақталды.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандық бөбекжай балабақшалары арасында «Бала – өмір бұлағы» тақырыбында байқау өтті.
Байқауға «Балдырған-1», «Марал», «Ақбол» бөбекжай балабақшаларының бүлдіршіндері қатысып, «Мен әнші боламын», «Мен суретшімін», «Кім жылдам?», «Көңілді старт» секілді кезеңдер бойынша жарысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Әрбір бүлдіршіннің өнерін музей қызметкерлерінен құралған –Усаинов Нұрлан, Шохаев Қуаныш, Кемелова Қалипа, Әліпбекова Жазира сынды әділқазылар құрамы бақылап, жеңімпаздарға музей басшылығы тарапынан арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Байқау соңында, бүлдіршіндеріміз «Отырар дастаны» мультфильмін тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей – тарих пен тағылым ордасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Отырар ауданы мектептерінің мұражай жетекшілері мен музей қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашып берген «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, мұражай жетекшілері мен музей қызметкерлерін мерекемен құттықтап, музей жұмыстарына тоқталып өтті. Одан соң сөз алған директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек мектеп оқушыларының тарих пәні сабағын музей қабырғасында өткізуді ұйымдастыру керек екендігін жеткізді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің ашылуы өтеді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы 18 мамыр халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» жобасын өткізді.
«Музей түні» ашық аспан астындағы музейге айналған Отырар қалажұртында «Отырар – мыңжылдықтар куәсі» тақырыбында өтті.
Отырар қалажұртындағы ғылыми тұрғыдан реконструкцияланған нысандарда тарихи қойылымдарды көрсете отырып ортағасырлық қала тіршілігін көрсету мақсатында өткен шараға 5000 ға жуық Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шарада Отырар ауданының әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, музей қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, аудан әкімі мен Мәслихатхатшысының алғыс хаттарын табыстады.
Одан соң, сөз алған «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов Орталық Азиядағы ең ежелгі шаһарлардың қатарына кірген Отырар баға жетпес рухани құндылығымыз. Талай тартысқа куә болған Отырар - әр келген қонағын түпсіз тарих тұңғиығына еліктіріп әкетері анық екендігін жеткізіп, бүгінгі Музей түні» шарасында көне қаланың тарихымен танысуға мол мүмкіндік екендігін атап өтті.
Ортағасырлық қала тіршілігінен тарихи реконстурциялық қойылымдарды тамашалауға беттеген қонақтарды қаланың қақпасының ортағасырлық үлгіде киінген қала тұрғындары қонақтарды қарсы алып, оларға сусын мен нан ұсынды. Тіршілік пайда болған тұрғын үйлермен танысқан көпшілікке ши тоқу, диірмен тарту, келі түю, нан пісіру, күбі пісу, құрт жаю сияқты асханалық жұмыстарымен таныстырды. Келесі тұрғын үйде жүн тазалап, оны иіріп отырған әйелдердің тіршілігі де көпшілікті тәнті етті.
Тұрғын үйлер қатарынан шеберлердің керамикалық заттарды жасап жатқан қызу тіршілікті де және шәкірттерге керамика жасаудың әдіс – тәсілдерін үйретіп отырған ұстазды көрген көрермендер қызығушылық танытып шеберлік сабақтарға да қатысып, ерекше әсер алды.
Ортағасырлық үлгіде безендірілген сауда қатарындағы саудагерлер мен сатып алушылардың саудаласып, базар көркін қыздыра түсуі, базар маңында шәйханада адамдар көрінісі, шәйханада музей қызметкерлері шәй мен қазанға пісіріп алып тұрған бауырсақты ұсынып және табаға піскен ыстық нан мен дәннен пісірілген көже таратып көпшіліктің алғысына бөленді.
Отырар аудандық Мәдениет сарайының қызметкерлерінің әлем ұстазы атанған Әбу Насыр әл Фарабиге арнауы орындалып тұрды. Музей түнінде ғұлама бабаның туған жер туралы толғамы, ғылым мен білім жайлы толғаныстары тамашалаушыларды айрықша тебірентті.
Базар айналысындағы алаңқайда ұлттық ойын түрлері бойынша ойындар ойнатылып, тарихқа байланысты қойған викториналық сұрақтары руханият әлемін бойға терең сіңіруге әсер етті.
Іс-шара барысында келушілерге бауырсақ, жент, ашытпа (көже) ұсынылып, шеберлік сабақтар мен ұлттық ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап бергендерге сыйлықтар берілді
Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Руханият Әбу Насыр әл-Фараби музейі және Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл –Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеуде жасөспірімдер арасында өтетін «Әбу Насыр әл-Фараби оқулары» облыстық байқауы өтті.
Байқауды Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға Түркістан облысының аудандарынан 16 үміткер қатысып, «Ұлағаты мол ұлы ұстаз», «Ойлы болсаң, озып көр!», «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ибадулла Шұғыла (Ордабасы ауданы), 1 орын Алдаберген Диас (Отырар ауданы), 2 орын Оразбек Гүлбаршын (Сауран ауданы), 3 орын Мақұлбек Бекнұр (Төлеби ауданы) иеленді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «СЫРЛЫ ОТЫРАР» тақырыбында квест ойыны өтті.
Шараның мақсаты: мектеп оқушыларын музей құндылықтарын насихаттау арқылы, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Квест ойынына Жамбыл атындағы орта мектеп – лицейінің О. Құлымбетов жетекшілік ететін «Жас археолог» үйірмесінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Ойынның шарты бойынша оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.
Музей-қорығының таныстырушысы Жадыра Орынбай 1 кезеңде оқушыларға өлкеміздің тарихымен таныстырып, 2 кезең бойынша Ортағасырлық Отырар қаласының тарихы туралы ақпараттар беріп, тарихы терең Отырардың тарихын насихаттады. Одан соң, бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту үшін жұмбақтар жасырылып, жауабына сәйкес келесі кезеңге өтетін орынды анықталды.
Оқушыларға музей қорындағы жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұраларды, квест ойыны арқылы көрсете отырып, тарихқа қызығушылығын арттыру, интеллектуалды қабілеттерін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, қажетті ақпаратты жылдам игеруге бейімдеу мақсатында әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді.
Ойын нәтижесінде екі топта белсенділік танытқан оқушылардың еңбектері бағаланып, марапатталды.
Отырар ауданында 9 мамыр Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры Темірбек Ибрагимовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті.
Шараға жиналған көпшілік «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Отырардың өркендеуі» тақырыбындағы көрмемен танысты. Отырар өңіріндегі мәдениеттің дамуының тарихынан және Дастарбасы тауындағы тоғызқұмалақтардың суреттері қойылған көрмені аға ғылыми қызметкер Азат Таубек таныстырды.
Одан соң, Түркістан облысы бойынша әр өңірден жиналған жасөспірімдер тоғызқұмалақ ойынынан жарысып, жеңімпаздар анықталды. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етті.
Отырар ауданында Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу мақсатында ұйымдастырылған «Түркістан барысы» турнирі өтті. Турнирге өңіріміздегі аудан-қалалардан іріктеліп келген 21 палуан қатысып бақтарын сынады.
Турнирде Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және Отырар ауданы әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі боз кілемде белдескен кіл мықты палуандар кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы сайыс нәтижесінде шардаралық палуан Руслан Аллаберді ІІІ орын иегері атанса, түркістандық Бейбарыс Әбдіғани ІІ орынға лайықты деп танылды. Турнир қорытындысы бойынша қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген Шардара ауданынан келген Қайсар Шамшидинов жеңімпаз атанып, І орын тұғырына көтерілді. Турнир жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Аталмыш шараға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов қатысып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарын табыстады.
Айта кету керек, өңіріміздегі кіл мықты палуандардың арасынан үздік шыққан спортшылар елордамыз Астана қаласының төрінде өтетін республикалық жарыста бақтарын сынайтын болады.
Отырар ауданының халқы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті.
Іс-шара барысында Арыс жағалауы саябағындағы Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров және Т.Ибрагимовтің ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, әруақтардың рухына құран бағышталды.
Мұнан соң көпшілік аудандық мәдениет сарайындағы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесінің 78-жылдығына арналған «Ұлы Ерлікке - мың тағзым» атты салтанатты шараға келіп қатысты. Қонақтар алдымен мәдениет сарайының фойесіндегі аудандық орталық кітапхананың жеңіс мерекесіне арналған тақырыптық кітап көрмесі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырарлықтар жауынгерлік сапта» тақырыбындағы музей жәдігерлерінің көрмесін тамашалады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов жұртшылықты өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың қос мерекесімен құттықтады.
Мереке аясында аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік жиында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, Ауған соғысының ардагері Жангелді Махашовта аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап ерлікке тағзым ету мен жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын айтса, ақын Бегаман Сұлтаев арнау өлеңін оқыды.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді нақышына келтіре шырқады.
Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай 28-30 сәуір аралығында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері өтті.
Іс-шара аясында Түркістандағы Этноауыл аймағында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорындағы жәдігерлерден құралған «Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі» атты аудан тарихынан сыр шертетін көрмесі ұйымдастырылды.
«Ұлттық ойын – ұлттың игілігі» атты ұлттық спорт ойындарынан сайыс, ауданның жетістіктері, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңке-көрмесі, сонымен қатар «Ұлы дала дәстүрі» атты салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері, қолөнер, сурет көрмесі мен «Алтыбақан» думаны өтті.
Қала тұрғындарынан бөлек, шетелдік туристер диірменге талқан тарту, күбі пісу, табаға нан жабу, құрт жасау барысын тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Сонымен қатар көрмеде көрсетілген ұлттық қолөнер туындылары да, атап айтқанда кілем тоқу, ұршық иіру, киіз басу, жүн түту дәстүрлеріне құрақ көрпе мен ағаш бұйымдарына өз таңданысын білдірді.
Аталған шараға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қызметкерлерінің қатысуымен этнографиялық шеберлік сабақтар өтті.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығында «Қазақ руханиятының жанашыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: көрнекті көсемсөзші, зерделі публицист, мәдениет жанашыры Темірбек Жүргеновтің өмірі мен оның қазақ қоғамына, әлемдік мәдениетке сіңірген өнегелі еңбектерін жас ұрпаққа таныстыру, ұғындыру.
Іс-шара Отырар аудандық Орталық кітапхана қызметкерлерінің «Қазақ өнерінің жанашыры» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалаумен бастау алды. Көрмені кітапхана қызметкері Серікқызы Жәмила таныстырып, Т.Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелдің шымылдығын «Этнография, әдебиет және мәдени – көпшілік іс – шаралар» бөлімінің меңгерушісі Жұмашова Ақлима ашып беріп, көрнекті публицист, қоғам қайраткері Т.Жүргенов жайында естелік мәліметтермен бөліссе, «Отырар» музей - қорығының кіші ғылыми қызметкері Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы Т.Жүргеновтің ағартушылық, рухани мұрасын, оның қазақ халқының мәдениеті пен өнеріне, ғылымына сіңірген реформаторлық игі істері туралы баяндама оқып, мол мағлұматтар берді.
Шара барысында Отырар аудандық өнер және саз мектебі өнерпаздары әннен шашу шашып, ұлы қаламгер Т.Жүргенов жайында көпшілікке бейнеслайд көрсетілді. Жиын соңында музей қызметкерлері Темірбек Жүргенов жайында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу болып өтті.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Нәлібаев Берік Отырар ауданы, Т.Ибрагимов жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Бұқар жыраудың рухани мұрасы» тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушыларға Бұқар жыраудың туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткендігі туралы мағлұматтар берілді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Мира Ахмет Отырар ауданына қарасты Ә.Байтанаев атындағы негізгі мектебінің оқушылары «Жүннен жасалған бұйымдар» тақырыбында көрме ұсынды.
Шараның мақсаты: музей қорындағы жүннен жасалған жәдігерлер коллекциясын көпшілікке таныстыру болып табылады.
Шара барысында Мира Ахмет жүннен жасалған бұйымдардың жасалу технологиясына тоқталып, оқушыларға мол мағлұмат берді.
18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, «Тарих» және мәдениет ескерткіштерін қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Таубек пен «Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің «Жас археолог» үйірмесінің жетекшісі О.Құлымбетовтің жетекшілігімен 5 сынып оқушыларына «Ескерткіштер ғасырдан қалған мұра» тақырыбында экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.
Экскурсияның мақсаты - ұлттық мәдениетіміздің құнды жәдігері болып табылатын ескерткіштерді насихаттау.
Экскурсия барысында ортағасырлық Отырар қаласындағы нысындармен таныстырып, мағлұматтар берілді.
Аталған шараға Қазақстан және ТМД елдерінен 120 – ға жуық қонақтары қатысты. Байкер Дмитрий Петрухинның айтуы бойынша туристер киелі өлкенің көрікті жерлеріне аялдап, қазақы салт-дәстүрмен танысуды ниет еткен.
Бұл шара ортағасырлық Отырар қаласынан бастау алып отыр. Алдағы уақытта олар еліміздің тарихи жерлерімен танысады.
Отырардағы тарихи-мәдени нысандармен танысып, Отырар өлкесінің тарихынан мол мағлұматтар алған байкерлер сапалы қызмет ұсынған «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы басшылығы мен Отырар ауданы әкімдігіне өз ризашылықтарын білдірді.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында 12-сәуір ғылыми қызметкерлер күніне орай қызметкерлері дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің ғылыми қызметкері Ардақ Пернеханқызы «Музей - халық мұрасы», Ж.Жабаев жалпы орта мектебінің жас өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі О.Құлымбетов «Үйірменің үйретері», «Отырар» музей-қорығының археология бөлімінің ғылыми қызметкері М.Зияев «Ғылым мәдениеттің қайнар көзі» тақырыптарында баяндама оқыды.
Іс-шара барысында Ж.Жабаев орта мектебінің музей жетекшісі Лаура Өксікпаева сөз алып, музей мен мектеп арасындағы байланысты жүйелі түрде жүргізе отырып байланысты нығайта түсу туралы өз ойын ортаға салды.
«Көне мен жаңаны ұштастырған —қолөнер» тақырыбындағы сабақ аясында үйірме мүшелеріне «шағын құмыралар жасау» практикалық жұмыстары бойынша шеберлік сабақ жүргізілді.
Бүгін Шәуілдір ауылындағы Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері М. Байтасов Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Азаттық күрестің жалынды жаршысы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен оқушылар М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мағлұматтар алды.
Бүгін 7 наурыз күні Көкмардан жалпы орта мектебінде 9-сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Кемелова Қалипа «Музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы зергерлік бұйымдар топтамасы» тақырыбында виртуалды этнографиялық көрмемен таныстырды. «Білектің көркі бес білезік» тақырыбында дәстүрлі қолөнер бұйымдарының ішінде күмістен жасалған білезіктердің ерекшелігіне тоқталып, оқушыларға кеңінен насихаттап, олардың тарихи маңызын жойып алмау мақсатында дәріс оқыды.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей - қорығының аға ғылыми қызметкері А.Таубек Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің 10 - сынып оқушыларына «Мыңшұңқыр шеберханасы » туралы дәріс оқыды.
Дәріс барысында Отырар өңіріндегі археологиялық қазба барысында табылған керамикалық бұйымдарды негізге ала отырып, саз өндірісінің дамуы мен жасалу технологиясы бірнеше кезеңге, яғни қарапайым түрде жасалған керамика түрлері сырлы, сырсыз, өрнекті, өрнексіз таңбалы керамикалық бұйымға дейінгі өндірісінің өзіндік даму ерекшелігі жайында мол мағлұматтар берді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Отырар ауданында болды. Жұмыс сапарымен келген министр Бабтардың бабы Арыстанбаб кесенесі мен қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің кесенесінде болып, архитектуралық ескерткіштердің жәй-күйімен танысты.
Жұмыс сапары барысында ортағасырлық Отырар қаласына да ат басын бұрып, ондағы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде аршылған нысандармен және оларға жүргізілген реставрациялық жұмыстармен танысты. Ашық аспан астындағы мұражайға айналған көне Отырар қаласындағы нысандармен танысу барысында аудандық мәдениет бөлімі мен музей қызметкерлерінің дайындаған театрландырылған көріністерімен 16-17 ғасырдаға тіршілікке көз жүгіртті.
Айта кетсек, көне Отырар қаласына 2020-2022 жылдар арасында үш жылдық жоба бойынша археологиялық және реставрациялық жұмыстар жүргізілген болатын. Нәтижесінде археологтар Ақ Орда билеушісі Ерзен хан салған Ханакасының, XV ғасырға тән Сағаналы кесененің орнын тапты. Қалаға «Жарақты» қақпасы арқылы кірген тұста тұрғын үйлер мен қыш шеберханасы бар кешен табылды. Тұрғын үйлердің маңында өндіріс орындары орналасқан, онда қыш ыдыстар жасалатын екі камералы пеш пен қыш бұйымдар кептірілетін алаң мен XVII ғасырдағы базар алаңында да археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, онда наубайхана кешені және тұрғын үй орамы анықталып, реставрациялау мен консервациялау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, мамандар күйдірілген кірпіштен қаланған мешіт пен XV ғасырдың басында Әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған Бердібек сарайын ішінара қайта қалпына келтірді, «Жарақты», Солтүстік және Сопыхан қақпаларын толығымен қалпына келтірді.
Үш жылға созылған ауқымды жоба аясында ескерткіштерді сақтау және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Отырар қаласының аумағында бейнебақылау камералары орнатылды, көшелер электр шамдарымен жарықтандырылды, жаяу жүргіншілер мен электрокарларға арналған жолдар салынды, туристердің демалуына арналған орындықтар, субұрқақтар, модульдік дәретханалар мен қоқыс жәшіктері орнатылды.
Ортағасырлық Отырар қаласының музейлендіру жұмыстарымен танысқан министр
Отырар қалажұрты жанындағы Сапар орталығында болды. Сапар орталығының экспозициясымен және әл-Фараби залдарын аралап, туристер санын арттыру керек екендігін жеткізіп, бір қатар тапсырмалар берді.
14-ақпан күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында Кеңес сарбаздарының Ауған жерінен қайтып оралғандарына 34 жыл толуына орай «Ерлік мәңгі өшпейтін тағылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел Ауған соғысында және соғыс зардабынан бейбіт өмірде дүниеден озған ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Одан соң «Ауған соғысы: отқа оранған 10 жыл» тақырыбындағы деректі фильмнен үзінді көрсетілді.
Ауған соғысына қатысқан жауынгерлердің құрметіне арналған іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы ашып берсе, Отырар ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, подполковник Мұхтар Әуезұлына кезекті сөз беріліп, ол өз атынан ардагерлерді алғыс хатпен марапатталды.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, «Құрмет», «ІІ дәрежелі Айбын» ордендерінің иегері, ауған соғысының ардагері Махашов Жангелді Меңлібайұлына, директордың ғылыми кеңесшісі Нұртаза Орынханұлы Алдабергенов Кеңес әскерінің 34 жыл толуымен құттықтап, ардагерлерге алғысын білдірді.
Отырар аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Ақылов Серік Оралбайұлы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті.
Жиын барысында Руханият Әбу Насыр әл-Фараби музейінің ғылыми қызметкері Жаппарқұл Ардақтың «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбындағы тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды.
Сонымен қатар, іс-шарада Отырар өнер және саз мектебінің ақындар сыныбының мұғалімі Гаухар Жүсіпәлиеваға және оның шәкірттері арнаулар оқыса, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Абдулла Ақарыс Жандосұлы ардагерлерге арнаған күйін тартып берді. Ер жүрек ауған соғысының ардагерлеріне арнап Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары Жүсіпәлиева Ақниет және Маржан Серікқызы әндер орындады.
Сондай-ақ, Көкмардан атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Айару Қазыбекқызы мен Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернатының 7 сынып оқушысы Оралбек Керімбек, Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы Абдулла Ақарыс Жандосұлының, Көкмардан атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Жолдасбек Гүлім Досболқызының Ауған соғысы ардагерлеріне арнаған өлеңдер оқыды.
Іс-шара соңында батылдық пен қаһармандық көрсеткен ардагерлерге алғыс білдіре отырып, алғыс хат, сыйлықтар табысталды.
2022 жылы 10 желтоқсан күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК және «Қазқайтажаңарту» РМК-ң ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қаржыландырумен 2020-2022 жылдарға арналған Отырар қалажұртындағы «Отырар қалажұртын зерттеу, консервациялау және ішінара қалпына келтіру» атты жоба бойынша жүргізілген ғылыми-реставрациялық атқарылған жұмыстардың қорытындысының салтанатты тұсаукесері өтті.
This site was created with the Nicepage