Археология
«Археология» ғылыми-зерттеу бөлімі – 2014 жылы құрылған. Қазіргі таңда бөлімде 2 аға ғылыми қызметкер, 2 ғылыми қызметкер жұмыс істейді. Бөлім меңгерушісі Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлы.
Бөлім қызметкерлері Отырар өңірінде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізеді және ескерткіштерге жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды. Қазақстан Республикасының және халықаралық заңнамаларды басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді;
⦁ Ескерткіштердің қорғау аумағын белгілейді, ғылыми паспорты мен есепті карточкасын толтыру жұмыстарымен айналысады;
⦁ Тарихи нысанның орналасу ерекшелігіне байланысты мемлекеттік акт алуды, анықталған тарихи-мәдени ескерткішке сараптама жүргізіп, ескерткіш мәртебесін анықтау шараларын ұйымдастырады;
⦁ Халықаралық, республикалық дәрежелерде қолға алынған бағдарламалар мен жобаларға қатысады, экспедициялар мен көрмелер ұйымдастырып, бірлескен ғылыми еңбектер шығарумен, халықаралық және республика көлемінде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады;
Image from Freepik