«Тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімінің қысқаша тарихы   

  Алғаш музей ашылған жылы «Археология  және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімі» деген атаумен құрылған. Сол кезден бері бөлімде көптеген археология саласының дамуы мен Отырар өңірі тарихының насихатталуына сүбелі үлес қосқан кісілер қызмет етті. Бөлім меңгерушілері болып қызмет жасаған кісілер: Нысанбаев Досымбек – 1982-1983 жж. Ақмолда Ысқақов – 1983-1988 жж. Қожа Мұхтар Баһадүрұлы – 1988-1997 жж. Ахмет Серік Зарапұлы – 1997-2005 жж. Таубек Азат Тұрлыбекқызы – 2005-2012 жж. Есжан Ержан Әуелханұлы – 2012-2013 жж. Пәрменқұл Сәбит Тұрлыбекұлы – 2013 жж.   2016 жылдан бастап бөлім «Археология» және «Тарихи ескерткіштерді қорғау» бөлімдері болып екіге бөлініп, «Тарихи ескерткіштерді қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімі қайта жасақталды. Бөлімнің бас инспекторы болып г.ғ.м Шохаев Қуаныш Абдіқалиұлы бекітілді. Бөлім құрамында 1 аға ғылыми, 1 ғылыми, 1 кіші ғылыми, 9 төбе қорықшылары жұмыс атқарады. Бөлімнің негізгі міндеті Отырар өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларды есепке алу, насихаттау, жүйелі түрде қорғау-сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегі бағытта жұмыс жүргізеді: ·       Ескерткіштердің жер телімдеріне мемлекеттік акт алу, төлқұжат, есеп карточкаларын әзірлейді, анықталған тарихи-мәдени мұраларды ескерткіш мәртебесін алуға ұсынады. ·       Ескерткіштер мен қорғауға ұсынылған аймақтар бүлінген, бұзылған немесе қауіп төнген жағдайда тиісті шараларды (акт, хаттама, арнайы комиссия жұмысын үйлестіру, және т.б негізде) жүзеге асырады. ·       Ескерткіштерде жүргізілетін реставрациялық және реконструкциялық жұмыстарды қадағалайды, жобалық-сметалық жоспарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады, өткізу-қабылдау жұмыстарына қатысады. ·       Музей қорын толықтыру мақсатында жәдігерлерді жинау, тарихи орындардың орналасқан жерлерін анықтау мақсатында экспедицияларға, іс-сапарларға шығады. ·       Ескерткіштерге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, мәдени-ағарту істерін ұйымдастыру, тақырып бойынша лекциялар оқу, баспасөзде жариялау, ғылыми айналымға енгізу. ·Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысу. Отырар ауданындағы 13 ауылдық округ бойынша 202 тарихи-мәдени ескерткіш Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қарауына алынған. Оның ішінде Республикалық маңызға ие 3 ескерткіш, жегілікті маңызға ие 73 ескеткіш бар. 126 ескерткіш алдын-ала есепке алу тізіміне алынған. 63 ескерткішке мемлекеттік акт алынған, қорғау аймағы 11,546га.