ЖАРАҚТЫ ҚАҚПАСЫ. XI-XVII ғғ.
Қақпа
күрделі фортификациялық жүйе. "Жарақты қақпа" қорғаныс жүйесі
шахристан қабырғасының сыртынан жасалған платформада орналасқан. Платформа
кірпішпен қаланып, бекітілген. Платформаның биіктігі 4,1 м. Жүйе сыртқы қақпа,
қарауылханалардан, ішкі қақпадан тұрады. Платформаны айналдыра терең ор
қазылған. Сыртқы қақпа алдында ордан өтетін көпір болған. Көпірден ор ішінде
орналасқан тіреуі қалған. Көпірдің тұсында ордың сыртқы сағасы кірпішпен
қаланып, ағаш тіреулермен
бекітілген.
Ішкі
және
сыртқы қақпа ортасын кесектен тұрғызылған үлкен қарауылханалар жалғап тұр.
Қарауылхананың бірінен сыртқы қақпа мұнарасына көтерілетін тепкішек болған.
Көше бойында, қарауылханаға жапсарласа тандырлар қатары орналасқан. Бұл
наубайхана болуы керек
."
Жарақты
қақпа" қорғаныс жүйесі шабуыл кезінде өртеніп, қираған. Қазба барысында
ордың ішінде отқа қатты күйген кесектер, қарауылхананың қабырғалары отқа күйіп
қызарғаны
анықталды.
Жарақты
қақпасы
моңғол шапқыншылығынан бұрын негізі қаланған. Ерте қақпаның мұнара қалдықтары
қазба барысында анықталды. Ал, ішкі қақпа болса 11-12 ғғ. жатады. Қақпаның аты
Қ.А.Ясауидің "Диуани хикмет" атты шығармасынан белгілі. Онда
Арыстанбаб әулиенің қабірі "қабуғ иаруғ"-тың қыбла жағында делінген.
Ол осы қақпа орнына дәл келеді. Қазақшаға аударғанда "Жарақты қақпа"
болып шығады, яғни, мықты бекінген қақпа
мағынасында.
Қақпаны
13
ғасырдың басында моңғолдар қиратқан. XIV ғасырдың басында қайта қалпына
келтірілген. Соңғы рет XVII ғасырда қайта қираған. Бұл жоңғар шапқыншылығымен
байланысты болуы мүмкін.
Сопыхана
қақпасы
.
VIII-XIII
ғғ
Моңғол
шапқыншылығы
кезінде бұзылған Сопыхана қақпасы қалажұрт топографиясында байқала бермейді.
Қақпа Солтүстік қақпамен бір мезгілде, VІІІ ғасырда салынған. Құрылымы және
орналасу жағынан да екі қақпа бірдей. Шахристанның цитаделге түйіскен тұсында
салынған. Сопыхана қақпасы туралы дерек бізге жазба деректерден белгілі. Дәл
осы қақпа арқылы Шыңғысхан әскері қалаға басып кірген. Жазба деректерде
қақпаның парсыша атауы «Дарваза-и-Суфи» деп берілген. Қақпа атауы Сопы
Арыстанбаб есімімен байланысты, өйткені, қақпадан шыққан жол әулиенің қабіріне
апаратын. Моңғол шапқыншылығынан кейін, яғни, XIII ғ. аяғында – XIV ғ. басында
қала қабырғалары, мұнаралары қайта қалпына келтіріле бастаған. Осы кезде
Сопыхана қақпасының орны тұтас кесекпен қаланып бекітіліп
тасталған.
Сопыхана
қақпасы
Отырардың моңғол шапқыншылығына дейінгі кезеңдегі негізгі қақпаларының бірі
болған. Ішкі қақпа орнына тұтас қабырға қаланып, бекітіліп тасталғаннан кейін
сыртқы қақпа орны қараусыз қалып, маңызын жоғалтқан. Құрылыс материалдары
басқалай құрылысқа жарату мақсатында бұзылып алынған болуы мүмкін. Қақпаның
ішкі жағындағы қарауылхана сынды өзге де құрылымдары сақталмаған.
СОЛТҮСТІК
ҚАҚПА, VIII-X ғғ.
Отырардың солтүстік қақпасы,
шахристан қорған-қамалының цитаделге тірелген тұсында орналасқан. Қақпа VIII
негізі қаланып, XI қирағандығы анықталды. Қақпа күрделі қорғаныс жүйесі болып
табылады. Ол сыртқы қақпа, ішкі қақпа мен олардың арасындағы қарауылханалардан
тұрады.
Солтүстік қақпаның мұнара орындары
мен қарауылхана бөлмелері, әр кезеңнің, яғни, VIII-IX, XI-XII, XIII-XIV және
XVI-XVII ғғ. пайдаланылған көше қалдықтары мен ішкі қақпа орны, кіре-беріс сол
жақ беттегі шахристан қорған-қамалы анықталып зерттелді. Қазба жұмысы барысында
қақпа моңғол шапқыншылығына дейін, 10 ғасырда жойылғаны анықталды.
ӨНДІРІС КЕШЕНІ, XV-XVI ғғ.
Жарақты
қақпаның
кіре-беріс сол жағынан, магистральды көшенің бас жағына тұрғынжай мен құмырашы
шеберханасынан тұратын кешен анықталды. Тұрғынжай бөлігі үш бөлмеден тұрады.
Анфиладтық үлгіде салынған, яғни, кіре-беріс дәліз-қамба және дәліз бөліп
тұрған жатын бөлме мен асханадан тұрады. Осы
тұрғынжайға жапсарластыра өндірістік бөлмелер салынған. Кешен алдындағы
бастырма астында құмдандармен құмыра жасайтын және кептіретін алаңдар бар.
Құмдандар
екі камералы, астыңғы от жағу бөлігі мен үстіңгі құмыра күйдіретін бөліктерден
тұрады. Салыну технологиясына қарай құмдандар екі түрге бөлінеді. Бірінші түрге
жататын екі камерасы да дөңгелек пішінді, екіншісі төртбұрышты камералы. Қазба
барысында анықталғанындай, құмдандар ұзақ уақыт пайдаланылған. Шеберхана мен үй
XV-XVI ғасырларда пайдаланылған.
XIV
ғғ. ЖҰМА МЕШІТІ
Отырардың
жұма мешіті орталық төбенің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Атақты қолбасшы Әмір Темір Көрегеннің ықпалымен
салынған мешіт құрылысының көлемі 60х22 м. Кірісі солтүстік-шығыс фасадтың
ортасында, көлемі 2,7х1,35 м портал қабырға сызығынан шығыңқы орналасқан.
Портал қуысының ені 6 м-дей. Батыс пилон 1,7 м биіктікте сақталған, шығыс пилон
толығымен бұзылып алынған. Порталдың бұрыштарында диаметрі 2 м келетін шағын
мұнаралар орнатылған. Мұнара ішінде айналма сатылар болған. Оларға порталдың
ішкі жағындағы ені 1 м есік арқылы кіретін болған. Кіре-беріс оң жағында
орналасқан порталда айналма сатының алғашқы төрт тепкішегі сақталған.
Ғимараттың қасбеттік композициясын, үш қатарға тұрғызылған отыз тіреуден тұратын
төрт ашық галерея айқындайды. Тіреулер кесіндісінде шаршы тәрізді (1,35х1,35
м). Тіреулер ара қашықтығы 3,7 м.
БЕРДІБЕК САРАЙЫ, XIV-XV ғғ.
Отырардың
жалпықалалық
құрылысында жетекші рөл атқарған
14-15
ғасырлардағы
орталық қамалының құрамдас бөлігі. Бұл жерде қамал 14 ғасырда пайда болды.
Солтстік
бұрышта
орналасқан
қамал 13 ғасырдың басында моңғолдар қиратқан еді.
Қала
қамалдарының
ішінде кешенді түрде археологиялық қазба жұмысы жүргізіліп, толымды сипаттама
жасалған осы Бердібек
сарайы.
Шараф
ад-Дин
әл-Иаздиден жеткен деректен Отырардың сол кездегі билеушісі Бердібектің көп
бөлмеден тұратын, ресми қабылдауларға арналған көрінісханасы бар сарайы
болғанын және осы сарайда Әмір Темірдің өз оғландары мен уәзірлерімен
тұрақтағанын
білеміз.
XV
ғ.
басында Отырарда орын алған маңызды оқиға, Әмір Темірдің осында Тоқтамыстың
елшілерін қабылдауы және дүние салуы болды. Әмір Темірдің өмірінің соңғы кезін
Отырарда өткізуі және де Отырар туралы деректердің әртүрлі көздерден, жазбаша
әрі ауызша түрде, бізге жетуіне септігін тигізді.
Әмір
Темір қайтыс болғаннан кейін орын алған темірліктердің өзара соғыстарының
нәтижесінде, XV ғасырдың бірінші жартысында қирап, өмір суруін тоқтатты.
САҒАНАЛЫ КЕСЕНЕ. XV ғ.
Бердібек
сарайы қираған соң, оның оңтүстік-батыс бұрышынан салынған кесененің негізгі
фасады оңтүстік-батысқа, яғни, Отырар қалажұртының оңтүстік бөлігінде
орналасқан жұма мешітінің ауласына
қараған.
Жобада
тікбұрышты
кесене екі бөліктен, сағана және зияратханадан тұратын порталды ғимарат
болған.
Кесененің
үстіңгі,
зияратхана бөлігі түгелдей бұзылған. Кесенеге кіретін сыртқы есік
оңтүстік-батыс қабырғадан анықталып отыр. Зияратхана бөлмесінің көлемі 4х4,7 м.
Біршама
биік
сақталған оңтүстік-шығыс қабырғаны аршып тазалау барысында қабырға ортасынан
ені 1,2 м келетін терезе орны анықталды. Терезе жақтаулары гипс қосындысы бар
сылақпен сыланған. Зияратхана бөлмесінің екі қапталы мен төргі қабырғаларынан
ені 45-50 см келетін зияратшылар отыратын сыпа тектес орын салынған.
Жерден
қазылып
жасалған сағанаға (склеп) баспалдақ арқылы түскен. сағананың жалпы көлемі
3,45х3,45 м. Төменгі жағы 7 қатар қыштан тік қаланып, ірі қарай қырлы тақия
тәрізді күмбезбен жабылған. Сағана күмбезі ойылып, іші топыраққа толған.
Шамасы, кесене қираған кезінде зияратхана едені ойылып сағанаға түскен.
САУДА ҚАТАРЫ,
XVII
ғ.
Ортағасырда
қалалық мәдениеттің, яғни, саяси-экономикалық және мәдени өмірінің дамуына ерекше үлес қоса білген базардың
алатын орны ерекше. Заманында ірі сауда және қолөнер орталығы, сонымен бірге,
ірі егіншілік аймақ болып табылған Отырар қалажұртында қолөнер, мал, егін
шаруашылықтарымен қатар сауда мәдениеті де жоғарғы деңгейде дамығандығы туралы
ортағасырлық жазба деректерде айтылады. Базарға құмырашы өзі жасаған бұйымдарын
шығарса, диқан егін шаруашылығынан түскен дақылдарын саудалаған.
Отырар
қалажұртынан
орталық алаң қызметін атқарған болуы мүмкін деген жорамалмен қаланың
солтүстік-шығыс бөлігінен, яғни, қалаға кіретін үш қақпаны байланыстырып тұрған
магистральды көшенің түйіскен жеріне қазба жұмысы жүргізіліп, нәтижесінде, бұл
орынның орталық алаң қызметімен қоса алаңды айдалдырыла салынған орталық базар
қызметін атқарғаны белгілі болды. Қазба жұмыстарының нәтижесі
(
аршылған
сауда қатарлары, табылған олжалар
)
, бұл
жердің
XVII
ғасырға
тән базар орны екендігі анықталды. Сонымен қатар, №1, №2, №3 және №4
бөлмелердің ішінен табылған қолдиірмендер мен бір отбасы мүшелеріне көптік
ететін ұралар тізбегі бұл жерде наубайхана кешені болғандығын көрсетіп отыр.
ШАХРИСТАН
ҚАБЫРҒАСЫ
Отырар
қалажұрты Орта Азия және Қазақстанның өзге өңірлерінде орналасқан өзге қалалар
тәрізді кухендиз (цитадель), медина (шахристан) және рабад бөліктерінен тұрады.
Қазіргі таңда Отырардан әр кезеңде салынған төрт қатар бекініс орны анықталып
отыр. Қаланың рабад бөлігін қоршаған сыртқы екі қабырға қалдықтары қала
жұртының солтүстік-батысы мен батысында ғана сақталған.
Отырардың
шахристан бөлігі жоспарда бес бұрышты төбе түрінде сақталған. Жалпы, қаланың
негізгі бөлігі болып табылатын шахристан өте берік қорғанмен қоршалған. Қазіргі
таңда шахристан қабырғасының оңтүстік-батыс бөлігі толығымен ашылып, ашық аспан
астындағы мұражайға айналдырылған.
Жалпы
қаланың қорғаныс жүйесіне жүргізілген зерттеу жұмысы нәтижесінде әр кезеңде
салынған қабырға қалдықтары анықталды.
XVI-XVII ғғ. ТҰРҒЫН ҮЙ ОРАМЫ
XVI-XVII
ғасырларда Отырарда тұрғын үй салу алдыңғыларға қарағанда біршама өзгерістер
болғаны белгілі болып отыр. XV ғасырдың бірінші жартысына жататын үйлермен
салыстырғанда тұрғын үйдің сыртқы құрылымы мен ішкі безендірілуінде жаңа үрдіс
пайда болды. Атап айтар болсақ,
бір-біріне
жапсарластырыла мәхаллалық үлгіде салынған үйлер болды. Бір махалладағы тұрғын
үйлер саны 6 үйден бастап 20 үйге дейін
жетті.
Б
өлменің
төр
бөлігінде орналасқан тандыр кіре-беріс есік аузына, таснауаға жақын орналасу
белең ала бастады. Тандыр мұржасы сыпа астымен бөлменің кез-келген жақын
бұрышынан шығарылған. Бұл өз кезегінде жылы еден қызметін атқаратын болған.
Тұрғын
жайлардың бұрыштарына ұралар жасалып, көзе, құмыра тәрізді астық сақтайтын
ыдыстар қойылған. Бөлменің қабырғаларына ыдыс-аяқ, шаршуашылық құралдары сынды
керек-жарақтарды қоятын сөрелер жасау үрдіске
енді.
Кейінгі
орта
ғасырлардағы тұрғын үйлерге талдау жасау оның алдыңғы кездегі тұрғын үйлермен
байланысын көрсетеді.
ТҰРҒЫН ҮЙ КВАРТАЛЫ X-XII Ғ.
X-XII ғасырлар.
Ол ішкі құрылымның өзгеруімен және аумақтың кеңеюімен сипатталады
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан ортағасырлық қалалар. IX және XII арасында
ғасырлар бойы қоғамның өнімді күштері тез өсті. Қарахан билігі кезінде
Қазақстан, қалалар діни мақсаттағы ғимараттармен толықты,
ақсүйектер сарайлары, су құбыры, кәріз, сондай-ақ жаңа
қалалық құрылымның мешіттер мен моншалар сияқты бағыттары. Маңызды
тұрғын үй құрылысында өзгерістер орын ала бастады. Олар қарқын ала бастады
анфиладты, яғни тізбекпен салынған үш бөлмелі үйлер және крест тәрізді
тұрғын үй.. Сонымен қатар ішкі дизайнда айтарлықтай айырмашылықтар болды
бөлмелер. Оның көп бөлігін УКА иелене бастады.
XIV-XV ғғ. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ОРАМЫ
XIV-XV
ғғ.
Отырар тұрғынжайларын зерттеу кезiнде
тұрғын үй бөлмелерінің, яғни, тұрғынжай, ас үй, қойма бөлмелерінің
бiрiктiрiлген үлгілері анықталды. Тұрғын үй бөлмелері тұрғынжай және шаруашылық
мақсатта екiге бөлiнген. Тұрғынжай бөлмесінің басым бөлiгiне сыпа салынып, оның iшiне тандыр немесе ошақ орнатылған.
Жақтау қабырғалары мен едені қыштан қаланған таснауасы бар. Тұрғынжай бөлмесіне
қарама-қарсы, немесе жалғастырыла салынған қамбалық қызмет атқаратын ас үйлік
қойма мен шаруашылық қойма бөлмелері салынған. Қазба барысында ас үйлік қоймаға
арналған бөлмеден асханалық ыдыстар мен астық сақтайтын хумдар алынды.
МОНША
IX-XV
ғғ. Қала құрылысында монша сияқты қоғамдық орындар пайда бола бастады. Отырар
рабадының территориясында қазба барысында осы кезеңге тән 3 қоғамдық монша орны
анықталды. Оның бірі қаланың солтүстік-батыс бөлігінен, шахристан
қорған-қабырғасына жақын жерден анықтаса, екінші монша қазіргі
XIII-XV
ғасырларда салынған моншаның астында қалып отыр,
XIII-XV
ғасыр
аралығында пайдаланылған монша шешінетін орын, демалу бөлмесі мен буханадан
тәрізді 10 бөлмеден тұрады. Бірқатар бөлмелердің еденіне свастика өрнегімен безендірілген қыш
тақталар төселген. Монша батысында орналасқан жылыту қазандығы арқылы бір
жерден от жағылып, еден астына жүргізілген каналдар мен тіреулер арқылы сыртқа
шығарылған. Осы мұржалардың көмегімен моншадағы температура реттеліп отырған.
Моншаға су қоймасы арқылы тартылған су құбырлары арқылы су
жүргізіліп отырған.
ҚҰМЫРАШЫЛАР ШЕБЕРХАНАСЫ
Отырардағы құмырашылық қолөнер қаланың орталығында да, рабадта да шоғырланған. Құмырашылар мекені 2 га аумақты алып жатқан. Қазба барысында екі қабаты анықталған. Олардың төменгісі , жоғарғы қабаты , ғасырдың бірінші жартысына жатады. Төменгі құрылыс қабаты деңгейімен 6 шеберхана аршылды. Олардың бірінің аумағы 157 м2, соның 89м2 өндірістік бөлік, қалғаны тұрғын жай. Өндірістік бөлігі 2 бөлмеден тұрады. Біріншісі ағаш тіреуге сүйенген бастырмамен жабылған. Тіреу тұрған жаппас бөлменің ортасынан табылды. Бөлменің ішінде қыштан соғылған, сазға арналған қамба, құдық және суға арналған керамикалық ыдыс болды. Шығыс бұрышына түгелдей, көлемі 45*45*5см келетін, қыш төселген. Мұнда саз илеп дайындайтын болғанға ұқсайды. Екінші бөлме аумағы 40 м2. оның бір бөлігінің төбесі жабылып, екіншісі ашық болған. Бастырма бөлігінің еденіне қыш төселген. Шығыс бұрышында қыштан жасалған, сазға арналған жәшік болған, батыс бұрышында құмырашы станогы тұрғын орын бар. Оның оң жағында, бұйым жасау кезінде қолды сулап отыру үшін, кең ернеулі ыдыс жерге қазылып орнатылған. Қарсы бетте дайындалған өнім жинайтын ені 2 м, ұзындығы 2м, биіктігі 0,3м келетін тек орналасқан.
Керамика күйдіруге арналған ошақ екі қабатты, ол бөлменің солтүстік-шығыс бұрышында орналасқан. От жанатын бөлігінің формасы сфера тәрізді. Оның диаметрі 1,6м, тереңдігі 1,6м. Оның төбесі күйдіретін камераның едені болып келеді. Еденде екі шеңбер бойында орналасқан 12 тесік бар. Шеберхананың тұрғын бөлігі – бұл анфиладтық жосында салынған 2 бөлмелі үй.
Галерея
Жер
асты галереясының ұзындығы 50 м, биіктігі 2 м, ені 1,5 м. Галерядағы екі қатар
керамикалық құбырлар арқылы суқоймасынан моншаға су жеткізіп түрған.
Құбырлардың диаметрі 20 см.
Оның
басым бөлігінің төбесі опырылып, құлаған. Моншаға жақын тұста ғана галерея
төбесі сақталған. Галерея табанында қыш құбырлардан құралған құбырлар жүйесі
анықталды. Олар бірнеше деңгейде табылды. Құбырлар жүйесі әр кезеңде жөндеуден
өтіп, бағытын да өзгертіп тұрғанға ұқсайды.
Галерея
қазылған мәдени қабаттар 14 ғасырға дейін қалыптасқан. Оған құрылыс қабатынан
табылған керамикалық және шыны бұйымдардың сынықтары. Олардың басым бөлігі
қарахан дәуіріне (10-13 ғғ) жатады. Монша қираған соң монша орны мен қоса оның
төңірегі, галереямен қоса мазаратқа айналған.
ТҰРҒЫН
ҮЙЛЕР
ОРАМЫ
.
Х
-
ХІІІ
ғғ
.
Отырар
қалажұртының шахристанында жүргізілген ІІІ қазба бес құрылыс қабатын анықтап,
бес ғасырдағы шахристан құрылысының сипатын анықтауға мүмкіндік берді. V
горизонт деңгейіне сәйкес ғимараттар қазбаның солтүстік бөлігінде ғана 300
шаршы метр аумақта ашылды. Осы аумақта үйлер тығыз орналасқан. Төрт үй
шаруашылығы анықталды. Үйлердің құрамына дәліз, тұрғын үй, қойма, санитарлық
бөлме сияқты жайлар кірген. Интерьер элементтері суфалардан, тандырлардан,
сандал ошақтарынан, санитарлық ванналардан, қоқыс жәшіктерінен тұрады.
Зерттеулер Отырардың бұл бөлігінде жалпы мәдениеттің және атап айтқанда 10-13
ғасырлардағы тұрмыстық мәдениеттің жоғары даму деңгейін көрсетті. Бұл
мәдениеттің дамуы Адам Мец «ислам ренессансы» деп сипаттаған бүкіл Шығысқа тән.
ЕРЗЕН ХАН ХАНАКАСЫ
(XIV
ғ. екінші ширегі-XV ғ. басы)
Ғимараттың
қызметі
екі кезеңнен
тұрады. Бастапқыда
монша
етіп
салынып, уақыт өте келе монша жабылып, ғимараттың кей бөліктері қайта
жабдықталып, қосымша бөлмелер салынып,
ханака
ға
айналған.
Бастапқы
монша өзегінің жоспары айқыш (крест) тәрізді салынған. Айқыштың бұрыштарында жекелеген бөлмелер орналасқан.
Анықталған
моншаның
көлемі 19х23 м. Ол айқыш пішінді орталық залдан және оны айналдыра орналасқан 5
бөлме пен кіре беріс дәлізден
тұрады.
Монша
13
ғасырдың екінші жартысында салынып, 14 екінші ширегіне дейін қызмет атқарған.
14 ғасырдың екінші ширегінде ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, ішкі құрылымдары
түбегейлі өзгеріске ұшырап қайта жабдықталған. Сөйтіп ғимараттың екінші
пайдалану кезеңі басталады
.
МЕШІТ XVI ғ.
XVI ғ. шахристанның бұрын бос қалған аумақтарында қайта құрылыс жүргізіле бастады. Орталық төбенің оңтүстігіне таман орналасқан мешіт құрылысы да осы кезге тура келеді. Мешіттің жалпы ұзындығы әлі белгісіз. Ені 15,5 м. Мешіт ғимараты орталық зал мен оған екі жағынан жапсарласқан қанаттардан тұрады. Орталық михрабты залдың есігі порталмен айқындалған. Орталық залдың көлемі 7х7 м. Михраб пен оның айналасындағы қабырғалар жұқалап ганчпен сыланған.
This site was created with the Nicepage