СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорық «РМҚК
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жұмыстарына байланысты ұжымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.
Басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында жұмыс тобы құрылып 26.11.2024 ж жұмыс тобы талдау жұмыстарына байланысты отырыс өткізді.
Отырыста жұмыс тобының төрағасы ішкі талдау жұмыстары бірнеше бағытта жүргізілетіндігін сол бағыттар бойынша қандай жұмыстар жасалып жатқандығын айтып өтті.
ХАБАРЛАМА:« СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ»
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорық» РМҚК-да 2024 жылғы 21 қараша және 18 желтоқсан айларының аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
« СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ: ӘДЕП КОДЕКСІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының комплеанс офицері Сералы.Н музей қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: әдеп кодексі» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама барысында қызметкерлерге мемлекеттік қызметте әдептілік қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарты туралы түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қызметтік қарым-қатынас барысында әдеп кодексінің маңыздылығын және басқа мекемелермен байланыста әдепі қағидаттарын сақтауды ескертті.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША
ЖИЫН ӨТТІ
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-і техникалық
қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл жұмыстарының
құсқаулығымен таныстыру мақсатында жиын өтті.
Жиында мекеменің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс офицері Сералы.Н сыбайлас жемқорлыққа
қарсы нұсқаулығымен техникалық қызметкерлерге таныстыра отырып оларға сыбайлас
жемқорлықтың негізгі факторлары мен оларға қарсы тұру үшін бірлесе қимылдау
керектігін түсіндіріп өтті.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША
ЖИЫН ӨТТІ
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-і директоры мен бөлім
меңгерушілері арасында сыбайлас жемқорлық тәуілдіктерін анықтау мақсатында жиын
өтті.
Жиында мекеменің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің комплаенс офицері
Сералы.Н сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру бағыты
бойынша ішкі персоналды басқару, мүдделер қақтығысы, мемлекеттік қызмет
көрсету, бақылау функцияларын іске асыру, мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық
қызметі секілді туындайтын мәселердің алдын алу, салдарын болдырмау туралы сын-пікірлерімен
бөлісіп, алдағы атқарылатын жұмыстарды талқылады.
This site was created with the Nicepage