"ОТЫРАР ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА" ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

      Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің 45 жыл толуына орай арнайы Қызылжар қаласында «Отырар ғасырлар тоғысында» тақырыбында көшпелі көрмесін ұсынды.

Шараның ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Науанова Мафруза Тасболатқызы сөз сөйлеп, "Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне - 100 жыл" мерекелік медалін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» директоры Жандосов Айбек Кыстаубаевичке табыстап, ыстық ықыласын білдірді. Әрі қарай сөз тізгінін Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының Солтүстік Қазақстандағы филиалының директоры Қиясбек Меруерт Қиясбекқызы жалғап, алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, Қозыбаев университетінің құрметті профессоры, "Құрмет" орденінің иегері Плешаков Анатолий Андреевичте ризашылығын білдіріп, отандық тарих ғылымының өркендеуіне ақ жол тіледі. Өз кезегінде «Отырар» музей-қорығының директоры Айбек Жандосов Республикалық көрмеде барлық музей қызметкерлеріне алғысын білдіріп, көрмені тамашалуға шақырды. Республикалық көрме 4 қарашаға дейін созылады.

Келушілер тек экспонаттармен ғана емес, өңірдің тарихын және әлемдік мәдениетте алатын айрықша орнын, маңызын тереңірек түсінуге көмектесетін біршама құжаттармен, фотоматериалдармен және тарихи-мәдени мұралармен, сәулет, білім, өнер саласындағы жетістіктерімен, жалпы айтқанда ортағасырлық қаланың тарихымен танысты.


  ОТЫРАР АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және Отырар ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы бойындағы керамика өндірісі және ағаш ұқсату өнері» тақырыбында Отырар ауданында Республикалық жәрмеңке өтті.

Жәрмеңкеге республика аумағынан 30-дан астам қолөнерші қатысты. Қала тұрғындары мен қонақтары қолөнершілердің көздің жауын алатын бұйымдарын қызықтап, оның тарихы мен жасалу жолы туралы мол мағлұматқа қанығып, өзге де ерекшеліктеріне көз жеткізді.

Іс-шараның мақсаты - Қазақстандағы бабалардан бері келе жатқан ұлттық, рухани мұраны сақтап қалу. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер мен қолөнер шеберлігін дамыту және жастар арасында кеңінен насихаттау. Сондай-ақ, қолөнершілілер мен тұтынушылар арсында тікелей қарым-қатынас орнату.

Керамика өндірісі мен ағаш ұқсату өнері қазақ халқының ұлттық құндылығы және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүр ретінде көпшілікке дәл осы жәрмеңке аясында насихатталды.

Дәстүрлі түрде жыл сайын жәрмеңке өткізуді дағдыға айналдырған Отырар ауданы қолөнершілердің қалашығына айналған. Қыш пен ағаштан жасалып, ұлттық ою-өрнектермен көмкерілген бұйымдар келген көрерменнің назарын аударды.

Сан қилы кезеңдерден өтсе де, өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, ұрпақтан-ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнердің ішіндегі киелісі һәм күрделісі – керамика өндірісі. Көз майын тауысып, сабырлықты талап ететін өнермен Данияр Бабашев бірнеше жылдан бері аса қызығушылықпен айналысып келеді. Халық арасында қазақ керамика өндірісін насихаттау мақсатында осындай бұйымдарды жасап, қолжетімді бағада жәрмеңкеге ұсынып, тіпті, шетелдік қонақтардың да сұранысын тудыртып, аталмыш шарада бас жүлдені қанжығасына байлады.

Жәрмеңкеге әркім өзінің жүрегінен шыққан, қолымен жасаған, қайталанбайтын бұйымдарын алып келген. Ағаш өңдеу бағыты бойынша бас жүлдені иемденген Яқия Әуелбеков бар өмірін осы салаға арнаған. Бір бұйымның бойына эстетикалық бейне мен тарихи көріністерді сыйдырып, қазақи болмысты айшықтап көрсететін, ағаштан ойылып жасалған ерекше заттары қазылар алқасының таңданысын оятпай қоймады.

Республикалық жәрмеңкені ұйымдастырушы «Отырар» музей-қорығы алдағы уақытта іс-шараны жиі өткізбек. Себебі, қазақ халқының тарихта тоқтап қалмай, бүгінге жеткен қолөнерін жанына серік еткен шеберлердің жасаған бұйымдары көздің жауын алып, кез-келгеннің таңдайын қақтырары сөзсіз.

Ағаштан және керамикадан жасалған ыдыс-аяқтар, қазіргі заманға сай жарық шамдар және қыштан жасалған музыкалық аспаптар аудан тұрғындарының назарынан тыс қалмады. Ерекше стильді ұнататын және батыл адамдар үшін аксессуарлар мен кәдесыйлар, қолдан жасалған қазақтың киелі домбырасы осында. Сонымен қатар, өзге қаладан келген қолөнершілердің қатысуымен шеберлік сағаттар өткізілді.

Айта кетейік, жәрмеңкеде қолөнершілер мен суретшілер, шебер ұсталармен жеке танысу мүмкіндігі болды. Кәсіби ұсталардың қолынан жасалған керемет заттар сатылымға шығып, қонақтардың өздерінің жадында есте қаларлықтай қазақи нақыштағы сыйлықтар алды. 
 

https://fb.watch/st0g3XFYx1/

«ОТЫРАР – ҒАСЫРЛАР ТОҒЫСЫНДА» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

      «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруымен Шымкент қаласы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Отырар – ғасырлар тоғысында» тақырыбында республикалық көрме ашылды.

Көрме салтанатты түрде ән-күймен ашылып, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, "Қор сақтау" ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Бекешев, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Баян Елеусізқызына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның директоры Жандосов Айбек Кыстаубаевичтің алғыс хатын табыстады.

Шара барысында, қадірлі қонақтар құттықтау сөз алып, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның таныстырушысы Ерлан Аскерини көрме залын таныстырып шықты.

Көрмеде Отырар алқабынан табылған археологиялық жәдігерлер коллекциялары, тарихи-мәдени мұрасы көпшілік көрермен назарына ұсынылды.


«ЖҮННЕН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

       « Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйдастымыруымен «Жүннен жасалған бұйымдарымды сақтау және зиянкестерге қарсы шаралар жүргізу мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.
Шараның мақсаты: музей қорларындағы жүннен жасалған этнографиялық бұйымдарды сақтау, қалпына келтіру, олардың бүлінуіне әсер ететін зианкестерге қарсы шаралар жүргізу және табиғи ескіруин то қтату мәселелери бойынша қор сақтаушылар мен қайта қалпына келтірушін мамадар арасында тәжірибе алмасып, шеберлік сабақтар өткізу болып табылады.
Аталмыш шараны «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның директоры Жандосов Ай Кыстаубаевич ашып беріп, семинар-тренингті ұйымырудағы мақсаты мендетіне тоқталып, қатысушыларға маңыздылы т үсіндирді.
Семинарға Түркістан облысындағы республикалық дережедегі қорық-музейлер мен облыстық музейлердің қор сақтаушылары мен қайта қалпына келтіруші мамандары қатысты.
Шара барысында, музей «Отырар»-қорығының қор сақтаушы, қалпына келтіруші мамандары жүннен жасалған бұйымдарды сақтау, реставрациялау, консервациялау жұмыстары бойынша шеберлік сабақтар өткізді. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар қор сақтау аймағын аралап, жәдігерлердің сақталу жағдайымен танысты.
Шара соңында, мекеме каталоги қатысушылар мен ұйымдастырушыларға сертификат табыстап, музей «Отырар»-қорығына қарасты тарихи-мәдени нысандардарды аралап, жай-күйімен таныстырды.


 " Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ы мен "Отырар аудандық білім бөлімі" ММ бірлесе отырып ұйымдастырумен "БАЛА БАҚЫТЫ - ҚОҒАМ БАҚЫТЫ" тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиеленушілер арасында аудандық байқау өтті.

Фейсбук  әлеуметтик желісінен көре аласыздар:   

https://fb.watch/sCnqseCgzo/ https://fb.watch/st0g3XFYx1/

БІРҚАТАР МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан «21 мамыр -мәдениет және өнер қызметкерлері күні» аясында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның бірқатар қызметкерлері не «М әдениеет саласының үздігі» төсбелгісі, құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

ҚР Мемлекеттік Әнұранның шырқалуймен басталған марапаттау шарасы, «Отыр» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның директоры Айбек Кыстаубаевичтің құттықтау сөзіне ұласты.

« ...Мәдениеет саласын дамытуға қосқан үлестеріңіз бен қажырлы еңтербекіңізге алғысым шексиз! Еліміздің руханятын, мәдени дидарын айшықтау жолында аянбай қызмет этэ беріңіздер. Отбасырыңызға амандық, дендеріңізге саулық, ортаймас ырзық-несібе тілеймин!» -деп, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлигі тарапынан келген марапттарды салтанатты түрде музей қызметкерлеріне табыстады.

Марапаттау шарасында «Отыр мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері С. Ахылбек ҚР Премьер-Министрі О. Бектеновтің «Алғыс хатымен», Б. Сұлтанмұратов, Г. Ысқақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Н. Сералы, М. Дулат ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның «Құрмет грамотасымен» Қ. Бидашов, К. Мусаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның «Алғыс хатымен» марапатталды. 
   


« Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығы РМҚК, Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі және Руханиат Әбу Нәсір әл – Фараби музейі бірлесе отырып, ұлы ғұма Әбу сір әл – Фарабидің өмир жолы мен шығармашылығын деріптеу мақсатында жасөспірімдер арасында XІІI аудандық «Фараби оқулары» байқауын өткізді.

Фейсбук  әлеуметтик желісінен көре аласыздар:   

https://www.facebook.com/story.php?story_fbid=846628597498087&id=100064528638566&mibextid=oFDknk&rdid=HSfP7wnxo5kc2b9d https://fb.watch/st0g3XFYx1/

МУЗЕЙ ТҮНІ: «ОТЫРАР – ТАРИХ КЕНІШІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитетінің «Отыр» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ұйымдастыруймен 18-мамырда «Халықаралық музейлер күні» кәсібикесіне орай « ЕЙ ҮНІ – 2024» ЦИЯСЫ АЯСЫНДА «ОТЫРАР – ТАРИХ КЕНІШІ» тақырыбында тарихи- танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Көпшіліктің қызығушылығын, музей құндылықтарына деген халықтың ыстық ықыласын арттырып, қатысушилардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; Адам өмиринде және қоғамда музейдің алар орнының маңыздылығын түсиндіру.

Шараның шымылдығын «ырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы каталоги Жандосов Айбек Кыстаубаевич ашып беріп, этнограф, ардагер Жұмашев Абдулла, елкетанушы Бейсенбай Бекжан сыны құртметі қонақтар Отылар тарапына ал ғысын айтып, ыстық ықыласын жеткізді.

Музей Тарихи-танымдық кеште экспозиция залында алқашқы қауым, яғни, тас ғасыры тұсындағы адамзат тіршілігі, қазақ халқының XIX-XX ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ғаш шеберлері мен темір ұсталарының көрінісі, қолөнер шеберлерінің жүн өңдеу, жіп иіру, тоқыма тоқу өнерлері, құмырашылардың құмыра жасау, они күйдіру тәсілдері бойынша шеберлік сабақтары өтті. Ұлттық нақышта киінген музей қызметкерлері келі түю, диірмен тарту, күбі пісу, қамыр жаю сияқты асханалық тіршіліктен көріністер ұсынды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушилеріне арналған «Дара тұлға – Әбу Насыр әл-Фараби» мультфильмі кэрсетілип, мүмкіндігі шектеулі ерекше жандарға «Отырар – ғажайыптар ордасы» атты ин клю зивті тақырыптық экскурсия, монғол әсерінің шапқыншылығы, Әбу Насыр әл-Фараби бейнесі сомдалған қойылымдар қойылып , викториналық ойындар ойнатылды.

Ұлттық спорт түрлері: ләңгі тебу, қошқар көтеру, қол күрес, гір тасын кетеру, соен қатар, ұршық ииру, қымызмұрындық сайысы ұйымдастырылып, жеңімпасдарға жүлделі с лықтар табысталды.
 Фейсбук әлеуметтик желасинен көре аласыздар:   

https://fb.watch/st0g3XFYx1/

«ӘЛКЕЙ ӘЛЕМІ» ТАКЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

« Отырар» мемлектика археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Б. Нәлібаевтың ұйымыдастыруймен, «ӘЛКЕЙ ӘЛЕМ» тақырыбында дөңгелек үстел өтти

Шараға, музей қызметкерлері, қосымша білім арендары, мұражай. , «Облыстық жасер туристические станции» КММ-не қарасты Отырар аудандық бөлимі қызметкерлері қатысты

Іс-шара барысында, Темірбек Ибрагимов атындағы жалпы орта мектептің мұражай жетек Досан Мөлдірді «. Марғұланның өмір жолы», Б. Нәлібаевтің «Дала данышпаны – Ә. Марғұлан» тақырыбындағы баяндамалары тыңдалып, прямой фильм көрсетілді Соным Бірге, тау тұлғаның тірі эстетиктерине қанық, сұхбаттас, замандас болған ардагер ұстаз, история, ғалм Алдаберген овті. ң салиқалы әңгімелері тыңдалды. 

«7-МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ» ОРАЙ «ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ – ҚАЙСАР ҰРПАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Іс-шараның толық нұсқасын Фейсбук әлеуметтік желісінен көре аласыздар:

https://fb.watch/sdb_YrNPeF/

«К. Ш. ХАФИЗОВАНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ЖӘНЕ ӨЗАРА МӘДЕНИЕТ АЛМАСУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Отыр» мемлектика археологиялық музей-қорығы» РМҚК, «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Г. Байсариева танымал қазақстандық ғалым, белгілі шығыстанушы, қытайтанушы, тарих ғылымдарының доктор Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 85 жасқа толуына рай 2024 жылғы 25 сәуір күні қ амқорлығындағы Халықаралық Мәдениеттерді жақындастыру орталығы (2-санат) және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архиві ұйымдастыруймен өткен «К. Ш. Хафизованың еңбектериндегі Халықаралық диалог және өзара мәдениет алмасу» атты Халықаралық ғылыными-практикалықға конференции қатысты.
      Конференция жоғары деңгейде өтіп Ресей, Өзбекистан, Япония, Қытай елдеринен келген және отандық ғалымдар баяндамалар оқыды. Конференцияға қатысусы отандық және шетелдік ғалымдарға археолог М. Қожамен бірге дайындаған «Отырар қазбаларынан табылған қытай фарфоры» атты баяндама ұсынылып презентации көрсетилді.
       Конференцияның махсаты: Қ. Ш. Хавышаның еңбертыриа аяснда орталық -азин тык-экономикалық, этносаралық және басқа длифаралық және басқа опроцеперия бойын ш наблим; К. Ш. Хафизованың үздіксіз және жемісті ғылыми қызметіне құрмет көрсету, ониң қазақстандық қытайтану ғылымына қосқан үлесін талдай отырып, Қазақстан-Қытай қаты настарды теуде мәдениетаралық диалог пен ғылыми өзара іс-қимыл негізінде осы макро аймақ мәдениеттерин жақындастырудың болашағы мен жолдарын анықтау болды.
       Конференция аясында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттик архивінде сақталған К. Ш. Хафизованың жеке архивінің тұсаукесері өтті.

18-СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕР МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

18-сеуир Халықаралық эскерткіштер мен тарихи орындарды қорғау кинине орай «Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығы» ММҚК-ның «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау» ылыми мин-зерттеу дата ұйымыруймен «Ескерткіштер ұрпаққа аманат» тақырыбында Отырар қалажұртына экскурсия өтті.
Отырар ауданы, Қаныш Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп оқушыларының қатысумен өткенияда Отырар қалажұртындағы тарихи нысандар туралы мағлұматтар берілді. Соным қатар, өскелең ұрпаққа тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау әрбір азаматтыңты бас для екендігі түсіндірілді.

«ЕРЛЕР ТАҚҚАН ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

«Отырар» мемлектик археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастырумен «ЕРЛЕР ТАҚҚАН ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАР» нда дө гелек үстел өтти.
Шараға Отырар аудандық мәдениет сарайы, «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің қызметкерлері мен музей қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны «Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Серік Шәймерденұлы ашып берді.
«Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлиминің аға ғылыми қызметкері Гүлназ Ысқақ «Музей қорындағы ерлер таққан әшекей бұйымдар» тақырыбында баяндама жасап, презентация жа сады. Сонымен қатар, музей қызметкерлері Мақсат Байтасов пен Жанболат Әбжаппар «Отырар» музей-қорығы мен «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің қорындағы кемер белдіктер мен кісе белдіктердің тарихына п, жа қты сипаттама берді.

«ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ІЛІМІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ДӘРІС ӨТТІ

«Отырар» мемлектик археологиялық музей - қорығы» РМҚК - ның «Этнография» ғылыми - зерттеу бөлимінің ғылыми қызметкері, философия мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі Абдуахитов қ ожа тжаппарұлы Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектепте қазақ халқының ағартушки демократы, жазушы, драмматург , педагог , психолог, Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай «ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ІЛІМІ» тақырыбында оқушыларға ғылыми дәті .
Ғылыми дері стен оқушылар Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ қоғамын демократияландыру, жастарға Европалық ғылымның озық үлгілерін үйрену, ұлт бостандығы, демократиялық сана туралы құнды ой ларын, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тёрбиені ұлттық сіңірудің маңыздылығы жайыында мол мағлұмат алумен бірге ұлы қаламгердің қазақ ғамын дамытудағы рөлі жайында өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

«А.В. ЗАТАЕВИЧТІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӘРІС ӨТТІ

  ​​   ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айтбай Сәбира Зұлпыхарқызы Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларына «А.В. ЗАТАЕВИЧТІҢ ЕҢБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ» тақырыбында дәріс өтті.
Дәрістің мақсаты: Қазақстанның халық әртісі, музыкант, этнограф және композитор Александр Викторович Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына орай ғалымның еңбек жолы және ғылыми зерттеулері туралы насихаттау.
    А.В. Затаевич ХХ ғасырдың басында өмір сүріп, қазақтың әндері мен күйлерін жинап, нотаға түсіріп, олардың сақталып қалуына үлкен еңбек сіңірген азамат. Ол 2300-ден астам музыкалық фольклорды нотаға түсірген. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні», «Қазақтың 500 күйі мен әні» жинақтары ежелгі дәуірден 1930 жылдарға дейінгі қазақ фольклорының антологиясын білдіреді.

«ТЕМІРШІЛІК – АТАЛАРЫМЫЗДАН БҮГІНГЕ ЖЕТКЕН КИЕЛІ ӨНЕР»  


Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көре аласыздар.

«НАУРЫЗНАМА: ЫНТЫМАҚ КҮНІ» АЯСЫНДА «ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

  ​​    «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Наурызнама: Ынтымақ күні» аясында «Қош келдің, әз-Наурыз» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

«НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ

  ​​    «​Наурыз мейрамы Отырар ауданында кең көлемде аталып өтті. Аудандық орталық алаңда құрылған киіз үйлер мен әсем безендірілген сахна маңына Наурыз тойын тойлауға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды.
     Мерейлі мерекеде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,, аудан өнерпаздары жергілікті ақын-сазгерлердің әндерін орындады.
     Наурыз тойына келген тұрғындар ақшаңқан киіз үйлерді аралап, Наурыз көжеден дәм татып, «Ұлттық спорт» күніне орай ұйымдастырылған «Арқан тарту», «Асық ату», «Қазақ күресі», «Қой көтеру», «Ләңгі тебу» секілді ұлттық ойындарды тамашалады.
     «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы «НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ» мерекесіне орай, киіз үй құрып, ішін музей қорындағы этнографиялық заттармен жасақтады. Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарымыздың бірі де бірегейі «Бата беру» дәстүрінен көрініс қойды.

«НАУРЫЗ – ҚАЗАҚТЫҢ БОЛМЫСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

  ​ ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 18-наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай, «Наурыз – қазақтың болмысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
    Шараға ақжаулықты әже, аялы ана Сыйқынбаева Қалбибі, ұлағатты ардагер ұстаз Жұманова Алмагүл, қолөнер шебері Палмағатқызы Құттығыз, музей қызметкерлері қатысты.
     Шараны «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Ақылбек Серік Шәймерденұлы ашып берді.
     Мерекелік жиында «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Өскенбаева Жадыраның «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалып, арнайы шақырылған қадірлі қонақтарға сөз берілді. Сонымен қатар, музей қызметкері А. Жұмашова қазақтың қара домбырасымен халық әндерін тамылжыта орындады.
      Мерекелік шараның соңы ұлттық тағамдардан, Наурыз көжеден дәм татылып, бата берілді.

«АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ!» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

  ​   ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның қызметкерлері «Амал мерекесін» атап өтті.
     Мерекелік шарада «Отырар» музей-қорығының ардагерлерімен қауышты.Іс-шараны «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жандосов Айбек Кыстаубаевич ашып беріп, Амал мерекесімен құттықтады.
     Сонымн қатар, аға ғылыми қызметкер Таубек Азат Амал мерекесінің шығу тарихына тоқталып, баяндама жасады.
Музей қызметкерлерінің ардагерлерге арналған құттықтаулары мен ән шашулары айтылып, оларға сый-сияпаттар табысталды.
     Көне заманнан тамыр тартатын Амал мерекесі бүгінгі Жаңа Қазақстанда қайта жаңғырып, жаңа сипатта тойлануда. Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауы саналатын Амал мерекесінің халқымыз үшін маңызы зор, мағынасы терең.
     Бұл елдік пен бауырмалдықтың, бірлік пен ынтымақтың нышаны.Биылдан бастап Наурыз мейрамы «Наурызнама» Тұжырымдамасы аясында тойлана бастайды. Жаңа бағыт бойынша наурыз айының әр күніне атау қойылып, ұлт руханияты мен мәдениетін айшықтайтын құндылықтар жан-жақты дәріптелетін болады.

«АНА – ӨМІРДІҢ ГҮЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ 

  ​   «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында іс-шара өтті.
     Шараның шымылдығын «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ы директоры А.Жандосов ашып беріп, атаулы мереке иелерін арнайы құттықтады.
     Іс-шара барысында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның ғылыми қызметкері М.Ахмет «Ана – өмірдің гүлі» тақырыбында баяндама жасап, ән айтылып, күй шертілді. Сонымен қатар, мекеме директоры бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табыстады. 

Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Отырар ауданына арнайы іссапармен келді  

   Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Отырар ауданына арнайы іссапармен келді
    2024 жылғы 03-наурыз күні Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-на арнайы іссапармен келді.
Іссапар барысында Арыстанбаб кесенесі мен Ө.Жәнібековтың кесенесіне зиярат жасап, Сапар орталығы туристік орталығының жұмысы барысымен танысты.
     «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры А.Жандосов министрге музей-қорықтың бүгінгі жай-күйі, атқарылған жұмыстардың есебі мен болашақ даму жоспарын таныстырды.
       Мәдениет және ақпарат министрі өз кезегінде ықылым заманнан ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің қайнар көзі болған, екі мыңжылдық тарихы бар Отырар өлкесінің қазақ мәдениеті мен өркениеті үшін орны орасан зор екендігіне тоқталып, Отырар алқабын әрі қарай ғылыми тұрғыдан зерттеуді, ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді, ғылыми-зерттеуден өткен орындарды туристік орындарға айналдыруды, туристерге мәдени-танымдық ақпараттар беруді, келушілерге ұсынылатын қызмет түрлерін көбейту мен дамытуды тапсырды
      Аида Ғалымқызы еліміздегі тарих және мәдениет ескерткіштері мен мәдени мұраны сақтау, қорғау, есепке алу, ғылыми-зерттеу мен ғылыми ағарту жұмыстарына мемлекет деңгейінде қолдау беріліп жатқанын, мәдени мұралардың ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
      Сондай-ақ, Отырар алқабының мұрасына қатысты жәдігерлерді жинақтау жұмысын жандандыру мен музей қорын толықтыруды, жинақталған жұмыстар нәтижесін көпшілікке мәдени-танымдық, ақпараттық тұрғыдан сапалы және жылдам жеткізуді жүктеді.
      Іссапар барысында Отырар ауданының әкімдігімен бірлесіп Арыстанбаб кесенесі мен Отырар қалажұрты маңындағы инфрақұрылымды әрі қарай дамыту, жаңа ақпараттық технологиялар мен озық әдіс-тәсілдерді қолданудың жайы талқыланды.

"ШЫМҚАЛА" ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕ КӨНЕ ОТЫРАР ТАРИХЫ НАСИХАТТАЛАТЫН КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ  

  ​“Шым қала” тарихи-мәдени кешенінде "Отырар" мемлекеттік архиологиялық музей- қорығының “Отырар - Ұлы дала өркениетінің алтын бесігі” атты көшпелі көрмесінің ашылуы өтті.

Көрменің ашылуында "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей- қорығы" РМҚК-ның директоры А.Жандосов және “Шым қала” тарихи-мәдени кешенінің директор м. а. Ж.Құрбан сөз алып, салтанатты түрде ашып берді.

Көрменің мақсаты Отырар өңірінің көне және ортағасырлық тарихын насихаттауға негізделеді.

Көрме барысында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі, “Ордабасы” ұлттық тарихи - мәдени қорық музейінің қызметкерлері қатысты.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ОТЫРАР ТАРИХЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ   

   ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қызметкерлері Түркістан қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінде «Тарихи ескерткіштерден табылған археологиялық жәдігерлер» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
     Көрменің мақсаты: «Отырар» музей-қорығының құрылу кезеңінен бастап қазіргі дейінгі музей қорына жинақталған жәдігерлері мен Отырар өңірі тарихы туралы көпшілікке кеңінен насихаттау. Музей қорына жинақталған жәдігерлерді, мемлекет қорғауына алынған тарихи ескерткіштерімізді сақтауға, тарихымызды жаңғыртуға, жас жеткіншектерге тарихымызды насихаттай отырып, оларға рухани тәрбие беру болып табылады.
     Көрмеге Отырар өңіріндегі тарихи ескерткіштерден табылған археологиялық жәдігерлер қойылып, Отырар өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштер және ондағы аршылған нысандар туралы слайд көрсетіліп, Отырардың тарихи-мәдени ескерткіштерінің әуеден түсірілген суреттері көпшілік назарына ұсынылды.
     Көрмені тамашалаған А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің оқушылары Отырар өңірінің тарихынан мол мағлұматтар алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАС МУЗЕЙІНДЕ ОТЫРАР ТАРИХЫН НАСИХАТТАЙТЫН «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЖӘНЕ ОТЫРАР АЛҚАБЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ 

   ​Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90-жылдық мерейтойына орай 2024 жылдың 26 қаңтар күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультеті, Бас музейі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында жылжымалы көрме ашылды.
Көрменің мақсаты:
• Еліміздің білімді, ұлтжанды, саналы жастарына тарихы терең хaлқымыздың этнoгpaфиялық жәнe pyхaни, мәдeни мұpaлapын насихаттау;
• Отырар қаласының тарихы мен өткен ғасырлардан сыр шертетін керемет құнды apхeoлoгиялық жәдiгepлepдi зepттeп, pecтaвpaция жәнe кoнcepвaция apқылы ecкepткiштepдiң caқтaлyын қaдaғaлaлап отырған бipдeн-бip мeкeмe Отырар музейінен мәлімет беру.
     Ашылу салтанатына Алматы қаласы мәдениет басқарма басшысы Майлыбаев Ғ.А, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры Сағындыкова Л.Қ., «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры А.Қ.Жандосов, ҚазҰУ Әлеуметтік даму жөніндегі Басқарма мүшесі-проректор С.Қ.Суатай, тарих факультетінің деканы, профессор Д.С. Байқонақов, профессор Ж.А.Алтаев, әл-Фараби орталығының қызметкерлері, университет Музейлерінің қызметкерлері қатысып, лента қию рәсімін өткізді.
     ҚазҰУ-дың тарих, дайындық факультеттерінде оқитын Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қандас студенттер, университет Баспасөз қызметі мен әл-Фараби, биология, полеалит музейлерінің қызметкерлері қатысты.
     Шара барысында, «Отырар» музей-қорығының таныстырушысы Ерлан Аскерини Отырардан табылған тарихи жәдігерлерге арналған экспозициямен таныстырды.
     Көрме – «Ұлы Жібек жолы және Отырар Х-ХІ ғғ», «Отырар Қарахан дәуірінде», «ХІV- ХV ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар», «ХVІ-ХVІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында», «Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы» тақырыптарын қамтыған.
     Көрмеде «Отырар» музей-қорығы қоры жинағындағы археологиялық жәдігерлер – керамикалық бұйымдар, нумизматикалық материалдар, шыныдан жасалған заттар, сирек кездесетін жәдігерлер, ескерткіштерге қатысты аэрофотолар мен карталар ұсынылды.
     «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» «Ұлы Жібек жолы және отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбындағы көрмесі ҚазҰУ Бас музейінде 1 айға жуық тұратын болады.

«ҚАСИЕТ ҚОНҒАН – ҚАНЫШ СӘТБАЕВ»  

    ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның таныстырушысы М. Дулат Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мерейтойы аясында, Талапты ауылы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаев атындағы орта мектепте «Қасиет қонған – Қаныш Сәтбаев» тақырыбында оқушыларға дәріс өтті.
     Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған.
     Осы орайда, жастар арасында тау тұлғаның есімін насихаттау, ой-пікірлерін тыңдап, талқылау жүргізу, қазақ ғылымында алатын орны бөлек екенін көрсету аса маңызды. Аталмыш дәрістің де мақсаты осы.
     Қаныш Сәтбаевтың ел өмірінің қиын сәттерінде халықпен бірге күйзеліп, қанатымен су тасыған қарлығаш секілді елге көмегін ұсынып, бірнеше ұрпақты аман алып қалуы – оның кісілік келбетін одан әрі нұрландыра, биіктете түсетіндігі, Сәтбаевтың сайрап жатқан жолымен жүрген әрбір жас ұрпақтың ісі өнегелі де өміршең болатындығы дәріс барысында сөз етілді.

«МУЗЕЙ МЕН ТАРИХИ ОРЫНДАРДА ТАРИХ САБАҚТАРЫН ӨТКІЗУ: ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР ӘЗІРЛЕУ» 

     ​«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлкетану бағытындағы білім беру жүйесін жетілдіру және жеке тұлғаны тәрбиелеуде, рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы өлкетану компонентінің маңыздылығы мен рөлін озық тәжірибелер арқылы көрсету, насихаттау, патриоттық тәрбиеге баулу, педагогтерге тәжірибелік-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Музей мен тарихи орындарда тарих сабақтарын өткізу: әдістемелік ұсынымдар әзірлеу» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
       Семинар барысында, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Қор сақтау» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері М. Байтас, Г. Ысқақ «Музей өзегі –музей қорын сақтау», «Жасөспірімге берер тәрбиеде музейлердің алар орны» тақырыбында баяндама жасады. Сонмен қатар, «Реставрация және консервация» ғылыми-зерттеу бөлімінің суретші-реставраторы Ерімбетов Жанұзақ семинарға қатысушыларға керамикалық ыдыстардың жасалуына шеберлік сабағын көрсетті.

«АС-АУҚАТТЫҢ БЕРЕКЕСІ - АСХАНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР»  

   ​«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Айтбай Сәбира Зұлпыхарқызы «Ас-ауқаттың берекесі - асханалық бұйымдар» тақырыбында Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс өтті.
    Дәріс барысында, оқушыларға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында» сақталған ХІХ-ХХ ғ.ғ. жататын қазақтың табақ-аяқ, асханалық бұйымдары туралы, олардың адам денсаулығына пайдасы мен қасиеттері және бұйымдардың жасалу жолдары жайында мағлұмат беріп, жәдігерлердің түпнұсқаларының «Отырар» музей-қорығының қорында сақталып тұрғандығы жөнінде баяндады.
    Көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде өздеріне тән асханалық бұйымдары, ыдыстары болған. «Шешесін көріп-қызын ал, ыдысын көріп асын іш» - деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек, ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяқ мәселесі де шет қалмаған. Оған үлкен мән берген. Ата-бабаларымыз ыдысты көбіне ағаштан, жылқы, ешкі терісінен, мыс, жез сияқты металдардан жасаған.

ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СУРЕТШІСІ — ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ

    «Қазақты танығың келсе, Әбілхан Қастеевтің суреттерін көр, Әміренің әнін тыңда»
Ғ. Мүсірепов
    Қазақ халқының ежелден өнерлі ел екенін көркем бейнелеу өнерінің де түп-тамыры тереңде жатқанын даламызда сақталған ескерткіштер айғақтайды.
    Кәсіпқой көркем бейнелеу өнері 20 ғасырдың басында Ә.Қастеевтен бастау алады. Үстіміздегі жыл Қазақ КСР Халық суретшісі, Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ә.Қастеевтің 120 жылдығына орай кескіндемеші, кәсіби суретшінің өмірі мен шығармашылығының қалыптасуы туралы насихаттау мақсатында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-ның «Этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері
    Г.Маябасова «Көкмардан» жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына «Қазақтың тұңғыш суретшісі - Әбілхан Қастеев» тақырыбында дәріс оқыды.
    Дәріс барысында, кедей отбасында өмірге келіп, еңбекқорлықпен қойшы таяғын еліне мүлдем беймәлім қылқаламмен ауыстырған Ә.Қастеевтің өмірі мен жетістіктері туралы баяндалды.
    Шара соңы, оқушыларға айтылған ақпараттарды қорыту, кері байланыс орнату мақсатында интербелсенді әдіс-тәсілдердің бірі "сұрақ-жауапқа" ұласып, жоғары деңгейде қорытындыланды.

ОТЫРАР: ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ОТЫРАР ТАРИХЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Тарихтың, халықтың өсу жолымен ұштасып, жалғасып келе жатқан зерттеулер нәтижесінде табылған жәдігерлер коллекциясынан Өзбекстан Республикасы «Самарқан» мемлекеттік музей-қорығында» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырар-Самарқан: мәдениеттер сабақтастығы» тақырыбында көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық Отырар мен Самарқан қалаларының тарихи-мәдени сабақтастығын насихаттау.
Тарихи-тағылымды көрмеде ортағасырларда өркендеп, қалалық мәдениеттің шыңынан көрінген Отырар өлкесінің тарихынан мәлімет беретін Отырар даласында Ұлы Жібек жолы арқылы сауда қатынастарының дамуы және Қарахан дәуірінен бастап Қазақ хандығына дейінгі қалалық мәдениеттің өркендеуі, сонымен қатар, Отырардағы жазба мәдениеттің дамуы туралы 170-ге жуық жәдігер қойылды.
Көрменің ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасы Самарқан облысы әкімінің туризм және мәдениет жөніндегі орынбасары Рустам Ражаббоевич Қобилов, Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулы Досманбетов Бауыржан Бақбергенұлы, Самарқан мемлекеттік музей-қорығының директоры Мухамадиев Хожакул, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы қатысып, құт мекен Отырардан келген көрмеге таңданысын жеткізіп, жылы лебізін білдірді.

Көрме 2023 жылғы 30 қазанға дейін жалғасатын болады.

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.

Аида Ғалымқызы Балаева 1974 жылы туған.
2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.
1999-2002 жылдары – Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары – Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2004 жылғы қаңтар мен қыркүйек аралығында – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасының талдау және болжау бөлімінің бастығы.
2004-2005 жылдары – Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары.
2005-2006 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаменті директорының орынбасары.
2006-2008 жылдары – Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры.
2008-2010 жылдары – Астана қаласының ішкі саясат басқармасының бастығы.
2010-2014 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2014-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.
2020-2022 жылдаы - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтай хатшысы болды.
«Құрмет» орденімен (2010), 2 медальмен марапатталған.
Әлеуметтік ғылымдар кандидаты.

«ҰЛТ АЗЫҒЫ БОЛҒАН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына 110 жыл толуына орай, «ҰЛТ АЗЫҒЫ БОЛҒАН «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастыра білген алғашқы басылымның өмір сүру тарихын, қызметін баяндау мақсатында ұйымдастырылған шараға, Отырар алқабы және Отырар өркениеті газетінің тілшілері – Оразбай Мұратов пен Рысбек Құлжан, Отырар аудандық орталық кітапхана қызметкерлері – Шәріпбекова Мадина, Жәмила Серікқызы, сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы жаңалықтың жаршысы атанып жүрген «Шалқыған Шәуілдір» парақшасының авторы, блогер Жасұлан Тәменов қатысты.

Шара барысында, Отырар аудандық орталық кітапхана қызметкері – Мадина Шәріпбекова «Қазақ газеті – қазақ баспасөзінің мәңгілік көшбасшысы» және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның аға ғылыми қызметкері – Гүлназ Ысқақ «Қазақтың бағына туған «Қазақ» тақырыбында баяндама оқып, «Қазақ» газеті туралы деректі фильм көрсетілді.

Шара соңында, аудандық басылым қызметкерлеріне газеттің тұрақты оқырманы санатына жас ұрпақты тарту, оқырман санын арттыру мақсатында түрлі ұсыныстар айтылып, қоғамдағы БАҚ-ның маңызы, оны жетілдіру жөнінде талқылау жүргізілді.

ОРДАБАСЫ – КӨНЕ ТАРИХ КУӘСІ» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ – ОТЫРАРДА

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның заманауи талаптарға сай жасақталған туристік орталық «Сапар орталығы» ғимаратында, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен, «Ордабасы – көне тарих куәсі» тақырыбындағы көшпелі көрме ашылды.

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Бахадир Исматов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның директоры Жангелді Меңлібайұлы жылы лебіздерімен көшпелі көрменің шымылдығын ашып, салтанатты түрде лента қию рәсімін өткізді.

«Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының 30 жылдығы
аясында өткізіліп жатқан көрмеге, тамырын тереңге жайған қасиетті Ордабасы өңірінің ескерткіштері, музей қорындағы көне тас дәуірінен бастап, ерте қола дәуірі, Сақ, Қаңлы, Түргеш, Қарахан дәуірінің құнды жәдігерлері қойылған.

Көрме Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына 22.06. – 03.07. 2023 жыл аралығында насихатталатын болады.

«АҒАШ БҰЙЫМДАРДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ»
ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ
СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ.

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, музей қорындағы жәдігерлерді сақтау, оның ішінде ағаштан жасалған заттардың сақталуына кері әсер ететін факторлардан қорғау мәселелері бойынша «Ағаш бұйымдарды сақтау және зиянкестерге қарсы шаралар жүргізу мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті.

Іс-шара барысында, өзге өңірлерден келген музей қызметкерлеріне теориялық және практикалық сабақтар өтіліп, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның қор сақтау бөлмелеріндегі жәдігерлерді сақтау, зиянкестерден қорғау жөнінде тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның директоры Жангелді Меңлібайұлы қатысушыларға өз алғысын айта отырып, арнайы сертификаттар табыстады.

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚӨЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Тараз қаласы, «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің «Шахристан» көрме залында «ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» тақырыбында II Халықаралық қөлөнершілер көрмесі өтті.

Халықаралық көрмеге Жамбыл облысынан ғана емес, жақын және алыс шетелдерден: Бразилия, Нидерланды, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Татарстан елдерінен 200-ден астам қолөнершілер қатысты. Сонымен қатар, Тараз қаласы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап Дүниежүзілік қолөнер қалаларының қатарына қосылған тұңғыш қазақ қаласы екендігін айта кету керек.

Халықаралық көрмеге "TURKISTAN QOL ONER" Одағы қоғамдық бірлестігі мүшесі, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы "Отырар" мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның суретші реставраторы және керамика шебері Ерімбетов Жанұзақ қатысып, өңірдің ұлттық құндылықтарын насихаттайтын ең үздік қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.

Көрмеге келген Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінен, Орталық Азиядан, Еуропадан, көршілес елдерден және Қазақстанның тұс-тұсынан келген қолөнершілерге ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Тараз қаласының тарихи ескерткіштері мен көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОТЫРАР ТАРИХЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің ашылуы өтті.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының м.а. директоры Жангелді Меңлібайұлы Махашов пен Абай облысының құрметті азаматы, ақын, жазушы, тарихшы-өлкетанушы, Құсмілия Жырғалыұлы Нұрқасым салтанатты түрде көрменің лентасын қиды. Сонымен қатар, Жангелді Меңлібайұлы алғы сөз барысында тарихы терең, тағылымы мол шежірелі шаһар – Отырар өркениетін танытып, көрменің ашылуы бойыша мақсат, міндеттерді айқындап берді.
Көрме экспозициясы: Ұлы Жібек жолы және Отырар, Х-ХІ ғғ. Отырар Қарахан дәуірінде, ХІҮ- ХҮ ғғ. Темір дәуіріндегі Отырар, ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. Отырар Қазақ хандығы тұсында және Отырардағы жазба мәдениетінің пайда болуы тақырыбындағы құрылымдар бойынша жалпы саны 150-ден астам жәдігер қойылып, жасақталды. 

«БАЛА – ӨМІР БҰЛАҒЫ»

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы РМҚК-ның ұйымдастыруымен, 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудандық бөбекжай балабақшалары арасында «Бала – өмір бұлағы» тақырыбында байқау өтті.

Байқауға «Балдырған-1», «Марал», «Ақбол» бөбекжай балабақшаларының бүлдіршіндері қатысып, «Мен әнші боламын», «Мен суретшімін», «Кім жылдам?», «Көңілді старт» секілді кезеңдер бойынша жарысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Әрбір бүлдіршіннің өнерін музей қызметкерлерінен құралған –Усаинов Нұрлан, Шохаев Қуаныш, Кемелова Қалипа, Әліпбекова Жазира сынды әділқазылар құрамы бақылап, жеңімпаздарға музей басшылығы тарапынан арнайы сый-сияпаттар табыстады.

Байқау соңында, бүлдіршіндеріміз «Отырар дастаны» мультфильмін тамашалап, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.

МУЗЕЙ – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ ОРДАСЫ


Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен 18 мамыр Халықаралық музей күніне орай «Музей – тарих пен тағылым ордасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Отырар ауданы мектептерінің мұражай жетекшілері мен музей қызметкерлері қатысты.
Жиынды ашып берген «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, мұражай жетекшілері мен музей қызметкерлерін мерекемен құттықтап, музей жұмыстарына тоқталып өтті. Одан соң сөз алған директордың ғылыми істері жөніндегі орынбасары Серік Ақылбек мектеп оқушыларының тарих пәні сабағын музей қабырғасында өткізуді ұйымдастыру керек екендігін жеткізді.  

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОТЫРАР ТАРИХЫН НАСИХАТТАЙТЫН КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ұлы Жібек жолы және Отырар алқабының қалалық мәдениеті» тақырыбында көрменің ашылуы өтеді.

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы 18 мамыр халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» жобасын өткізді.
«Музей түні» ашық аспан астындағы музейге айналған Отырар қалажұртында «Отырар – мыңжылдықтар куәсі» тақырыбында өтті.
Отырар қалажұртындағы ғылыми тұрғыдан реконструкцияланған нысандарда тарихи қойылымдарды көрсете отырып ортағасырлық қала тіршілігін көрсету мақсатында өткен шараға 5000 ға жуық Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Іс-шарада Отырар ауданының әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, музей қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, аудан әкімі мен Мәслихатхатшысының алғыс хаттарын табыстады.
Одан соң, сөз алған «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов Орталық Азиядағы ең ежелгі шаһарлардың қатарына кірген Отырар баға жетпес рухани құндылығымыз. Талай тартысқа куә болған Отырар - әр келген қонағын түпсіз тарих тұңғиығына еліктіріп әкетері анық екендігін жеткізіп, бүгінгі Музей түні» шарасында көне қаланың тарихымен танысуға мол мүмкіндік екендігін атап өтті.
Ортағасырлық қала тіршілігінен тарихи реконстурциялық қойылымдарды тамашалауға беттеген қонақтарды қаланың қақпасының ортағасырлық үлгіде киінген қала тұрғындары қонақтарды қарсы алып, оларға сусын мен нан ұсынды. Тіршілік пайда болған тұрғын үйлермен танысқан көпшілікке ши тоқу, диірмен тарту, келі түю, нан пісіру, күбі пісу, құрт жаю сияқты асханалық жұмыстарымен таныстырды. Келесі тұрғын үйде жүн тазалап, оны иіріп отырған әйелдердің тіршілігі де көпшілікті тәнті етті.
Тұрғын үйлер қатарынан шеберлердің керамикалық заттарды жасап жатқан қызу тіршілікті де және шәкірттерге керамика жасаудың әдіс – тәсілдерін үйретіп отырған ұстазды көрген көрермендер қызығушылық танытып шеберлік сабақтарға да қатысып, ерекше әсер алды.
Ортағасырлық үлгіде безендірілген сауда қатарындағы саудагерлер мен сатып алушылардың саудаласып, базар көркін қыздыра түсуі, базар маңында шәйханада адамдар көрінісі, шәйханада музей қызметкерлері шәй мен қазанға пісіріп алып тұрған бауырсақты ұсынып және табаға піскен ыстық нан мен дәннен пісірілген көже таратып көпшіліктің алғысына бөленді.
Отырар аудандық Мәдениет сарайының қызметкерлерінің әлем ұстазы атанған Әбу Насыр әл Фарабиге арнауы орындалып тұрды. Музей түнінде ғұлама бабаның туған жер туралы толғамы, ғылым мен білім жайлы толғаныстары тамашалаушыларды айрықша тебірентті.
Базар айналысындағы алаңқайда ұлттық ойын түрлері бойынша ойындар ойнатылып, тарихқа байланысты қойған викториналық сұрақтары руханият әлемін бойға терең сіңіруге әсер етті.
Іс-шара барысында келушілерге бауырсақ, жент, ашытпа (көже) ұсынылып, шеберлік сабақтар мен ұлттық ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап бергендерге сыйлықтар берілді

«ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ОҚУЛАРЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, Руханият Әбу Насыр әл-Фараби музейі және Отырар аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл –Фарабидің өмір жолы мен шығармашылығын дәріптеуде жасөспірімдер арасында өтетін «Әбу Насыр әл-Фараби оқулары» облыстық байқауы өтті.
Байқауды Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға Түркістан облысының аудандарынан 16 үміткер қатысып, «Ұлағаты мол ұлы ұстаз», «Ойлы болсаң, озып көр!», «Баба еңбегі – ұрпаққа мұра» кезеңдері бойынша бақтарын сынады.
Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені Ибадулла Шұғыла (Ордабасы ауданы), 1 орын Алдаберген Диас (Отырар ауданы), 2 орын Оразбек Гүлбаршын (Сауран ауданы), 3 орын Мақұлбек Бекнұр (Төлеби ауданы) иеленді.  

«СЫРЛЫ ОТЫРАР» КВЕСТ ОЙЫНЫ 

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «СЫРЛЫ ОТЫРАР» тақырыбында квест ойыны өтті.
Шараның мақсаты: мектеп оқушыларын музей құндылықтарын насихаттау арқылы, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Квест ойынына Жамбыл атындағы орта мектеп – лицейінің О. Құлымбетов жетекшілік ететін «Жас археолог» үйірмесінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Ойынның шарты бойынша оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.
Музей-қорығының таныстырушысы Жадыра Орынбай 1 кезеңде оқушыларға өлкеміздің тарихымен таныстырып, 2 кезең бойынша Ортағасырлық Отырар қаласының тарихы туралы ақпараттар беріп, тарихы терең Отырардың тарихын насихаттады. Одан соң, бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту үшін жұмбақтар жасырылып, жауабына сәйкес келесі кезеңге өтетін орынды анықталды.
Оқушыларға музей қорындағы жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұраларды, квест ойыны арқылы көрсете отырып, тарихқа қызығушылығын арттыру, интеллектуалды қабілеттерін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, қажетті ақпаратты жылдам игеруге бейімдеу мақсатында әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді.
Ойын нәтижесінде екі топта белсенділік танытқан оқушылардың еңбектері бағаланып, марапатталды. 

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТУРНИР ӨТТІ

Отырар ауданында 9 мамыр Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры Темірбек Ибрагимовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан облыстық жарыс өтті.
Шараға жиналған көпшілік «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Отырардың өркендеуі» тақырыбындағы көрмемен танысты. Отырар өңіріндегі мәдениеттің дамуының тарихынан және Дастарбасы тауындағы тоғызқұмалақтардың суреттері қойылған көрмені аға ғылыми қызметкер Азат Таубек таныстырды.
Одан соң, Түркістан облысы бойынша әр өңірден жиналған жасөспірімдер тоғызқұмалақ ойынынан жарысып, жеңімпаздар анықталды. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етті. 

ОТЫРАР АУДАНЫНДА «ТҮРКІСТАН БАРЫСЫ» ТУРНИРІ ӨТТІ  

Отырар ауданында Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу мақсатында ұйымдастырылған «Түркістан барысы» турнирі өтті. Турнирге өңіріміздегі аудан-қалалардан іріктеліп келген 21 палуан қатысып бақтарын сынады.
Турнирде Түркістан облысы денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев және Отырар ауданы әкімі Сәкен Сұлтанханов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі боз кілемде белдескен кіл мықты палуандар кім мықтыны анықтады. Тартысқа толы сайыс нәтижесінде шардаралық палуан Руслан Аллаберді ІІІ орын иегері атанса, түркістандық Бейбарыс Әбдіғани ІІ орынға лайықты деп танылды. Турнир қорытындысы бойынша қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген Шардара ауданынан келген Қайсар Шамшидинов жеңімпаз атанып, І орын тұғырына көтерілді. Турнир жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлықтар табысталды.
Аталмыш шараға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов қатысып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтарын табыстады.
Айта кету керек, өңіріміздегі кіл мықты палуандардың арасынан үздік шыққан спортшылар елордамыз Астана қаласының төрінде өтетін республикалық жарыста бақтарын сынайтын болады.

ОТЫРАРЛЫҚТАР ЖАУЫНГЕРЛІК САПТА

Отырар ауданының халқы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті.
Іс-шара барысында Арыс жағалауы саябағындағы Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров және Т.Ибрагимовтің ескерткішіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қойып, майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, әруақтардың рухына құран бағышталды.
Мұнан соң көпшілік аудандық мәдениет сарайындағы 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңіс күні мерекесінің 78-жылдығына арналған «Ұлы Ерлікке - мың тағзым» атты салтанатты шараға келіп қатысты. Қонақтар алдымен мәдениет сарайының фойесіндегі аудандық орталық кітапхананың жеңіс мерекесіне арналған тақырыптық кітап көрмесі мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының «Отырарлықтар жауынгерлік сапта» тақырыбындағы музей жәдігерлерінің көрмесін тамашалады.
Салтанатты шарада аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов жұртшылықты өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың қос мерекесімен құттықтады.
Мереке аясында аудандағы ауған соғысының ардагерлері мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мерекелік жиында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, Ауған соғысының ардагері Жангелді Махашовта аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Жиында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Мұхтар Әуезұлы баяндама жасап ерлікке тағзым ету мен жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын айтса, ақын Бегаман Сұлтаев арнау өлеңін оқыды.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласып, өнерпаздар соғыс жылдарындағы әндерді нақышына келтіре шырқады.



ОТЫРАР ҚАЗАҚ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ОРДАСЫ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай 28-30 сәуір аралығында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Отырар ауданының мәдениет күндері өтті.
Іс-шара аясында Түркістандағы Этноауыл аймағында «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорындағы жәдігерлерден құралған «Отырар – қазақ өркениетінің алтын діңгегі» атты аудан тарихынан сыр шертетін көрмесі ұйымдастырылды.
«Ұлттық ойын – ұлттың игілігі» атты ұлттық спорт ойындарынан сайыс, ауданның жетістіктері, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңке-көрмесі, сонымен қатар «Ұлы дала дәстүрі» атты салт-дәстүр, әдет-ғұрып көріністері, қолөнер, сурет көрмесі мен «Алтыбақан» думаны өтті.
Қала тұрғындарынан бөлек, шетелдік туристер диірменге талқан тарту, күбі пісу, табаға нан жабу, құрт жасау барысын тамашалап, ұлттық тағам түрлерінен дәм татты. Сонымен қатар көрмеде көрсетілген ұлттық қолөнер туындылары да, атап айтқанда кілем тоқу, ұршық иіру, киіз басу, жүн түту дәстүрлеріне құрақ көрпе мен ағаш бұйымдарына өз таңданысын білдірді.
Аталған шараға «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қызметкерлерінің қатысуымен этнографиялық шеберлік сабақтар өтті.

ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ЖАНАШЫРЫ

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығында «Қазақ руханиятының жанашыры» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: көрнекті көсемсөзші, зерделі публицист, мәдениет жанашыры Темірбек Жүргеновтің өмірі мен оның қазақ қоғамына, әлемдік мәдениетке сіңірген өнегелі еңбектерін жас ұрпаққа таныстыру, ұғындыру.
Іс-шара Отырар аудандық Орталық кітапхана қызметкерлерінің «Қазақ өнерінің жанашыры» тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалаумен бастау алды. Көрмені кітапхана қызметкері Серікқызы Жәмила таныстырып, Т.Жүргеновтің өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті.
Дөңгелек үстелдің шымылдығын «Этнография, әдебиет және мәдени – көпшілік іс – шаралар» бөлімінің меңгерушісі Жұмашова Ақлима ашып беріп, көрнекті публицист, қоғам қайраткері Т.Жүргенов жайында естелік мәліметтермен бөліссе, «Отырар» музей - қорығының кіші ғылыми қызметкері Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы Т.Жүргеновтің ағартушылық, рухани мұрасын, оның қазақ халқының мәдениеті пен өнеріне, ғылымына сіңірген реформаторлық игі істері туралы баяндама оқып, мол мағлұматтар берді.
Шара барысында Отырар аудандық өнер және саз мектебі өнерпаздары әннен шашу шашып, ұлы қаламгер Т.Жүргенов жайында көпшілікке бейнеслайд көрсетілді. Жиын соңында музей қызметкерлері Темірбек Жүргенов жайында өз ойларын ортаға салып, пікір алмасу болып өтті.  

БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Нәлібаев Берік Отырар ауданы, Т.Ибрагимов жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушыларына «Бұқар жыраудың рухани мұрасы» тақырыбында дәріс өтті.
Дәріс барысында оқушыларға Бұқар жыраудың туған өлкесін азат ету күресіне тікелей араласып, қолбасшыларымен бірге, ақылшы, үгітші болып белсендік көрсеткендігі туралы мағлұматтар берілді.
 

ОҚУШЫЛАРҒА МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері Мира Ахмет Отырар ауданына қарасты Ә.Байтанаев атындағы негізгі мектебінің оқушылары «Жүннен жасалған бұйымдар» тақырыбында көрме ұсынды.
Шараның мақсаты: музей қорындағы жүннен жасалған жәдігерлер коллекциясын көпшілікке таныстыру болып табылады.
Шара барысында Мира Ахмет жүннен жасалған бұйымдардың жасалу технологиясына тоқталып, оқушыларға мол мағлұмат берді.
 

ЕСКЕРТКІШТЕР ҒАСЫРДАН ҚАЛҒАН МҰРА

18-сәуір Тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастырумен «ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты өңірімізде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығын кең түрде насихаттап көпшілікке таныстыру болып табылады. Жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды насихаттауды, ұлттық құндылықтарымызға қамқорлық жасап, туған өлке тарихын біліп өсу, сөйтіп бүгінгіні өткен тарихпен сабақтастыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры болып табылады.
Семинарды «Отырар» мемлекеттік архологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, тарихи ескерткіштерді қорғау саласының мамандарын мерекемен құттықтады.
Аталған іс-шараға Отырар ауданының 13 ауыл округінің әкімшіліктерінің жер инспекторлары қатысты. Онлайн форматында қатысқан Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің археология бөлімінің меңгерушісі Садықов Ғалымжан Жақсылықұлы және Түркістан облыстық тарихи мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталықтың қызметкері Дүйсенбаев Сейдалы Құдабайұлы баяндама оқыса, музей тарапынан аға ғылыми қызметкер Азат Таубек оқыды.
«Отырар» мемлекеттік архологиялық музей-қорығы директорының орынбасары Серік Ақылбек тарихи ескерткіштерді құжаттауда атқарылатын жұмыстар мен олардың күрделігіне тоқтала отырып, қазіргі таңда ескерткіштерді қорғаудағы басты міндет қара археологтармен күрес жүргізу керектігіне басты назар аудару керектігін атап өтті.
Іс-шара барысында Қызылорда, Түркістан облыстарындағы тарихи ескерткіштерді қорғау мен сақтаудағы атқарылып жатқан жұмыстар мен сақтау жұмыстары барысындағы күрделі мәселелері талқыланып, келешекте осы жұмыстарды оңтайландыру үшін қандай жұмыстардың жасалыну керектігі туралы ұсыныстар ортаға салынды.
Іс-шараны қорытындылаған музей-қорықтың директоры Жангелді Махашов жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау жұмыстарын жандандыру мақсатында аудан әкімшілігі жанынан үйлестіру кеңесін құру керектігін ұсынып, алдағы уақытта облыстық және аудандық деңгейдегі осы салаға қатысты мекемелер бірлесе жұмыс атқару керектігін жеткізді.  

ЕСКЕРТКІШТЕР ҒАСЫРДАН ҚАЛҒАН МҰРА

18 сәуір Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай, «Тарих» және мәдениет ескерткіштерін қорғау» ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері А.Таубек пен «Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің «Жас археолог» үйірмесінің жетекшісі О.Құлымбетовтің жетекшілігімен 5 сынып оқушыларына «Ескерткіштер ғасырдан қалған мұра» тақырыбында экскурсиялық саяхат ұйымдастырды.
Экскурсияның мақсаты - ұлттық мәдениетіміздің құнды жәдігері болып табылатын ескерткіштерді насихаттау.
Экскурсия барысында ортағасырлық Отырар қаласындағы нысындармен таныстырып, мағлұматтар берілді. 

«Авто-мото» федерациясының "Шымкент-Шәуілдір-Шымкент" атты мотошеру Отырар қалашығында болды.

Аталған шараға Қазақстан және ТМД елдерінен 120 – ға жуық қонақтары қатысты. Байкер Дмитрий Петрухинның айтуы бойынша туристер киелі өлкенің көрікті жерлеріне аялдап, қазақы салт-дәстүрмен танысуды ниет еткен.
Бұл шара ортағасырлық Отырар қаласынан бастау алып отыр. Алдағы уақытта олар еліміздің тарихи жерлерімен танысады.
Отырардағы тарихи-мәдени нысандармен танысып, Отырар өлкесінің тарихынан мол мағлұматтар алған байкерлер сапалы қызмет ұсынған «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы басшылығы мен Отырар ауданы әкімдігіне өз ризашылықтарын білдірді.

ҒЫЛЫМ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында 12-сәуір ғылыми қызметкерлер күніне орай қызметкерлері дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейінің ғылыми қызметкері Ардақ Пернеханқызы «Музей - халық мұрасы», Ж.Жабаев жалпы орта мектебінің жас өлкетанушылар үйірмесінің жетекшісі О.Құлымбетов «Үйірменің үйретері», «Отырар» музей-қорығының археология бөлімінің ғылыми қызметкері М.Зияев «Ғылым мәдениеттің қайнар көзі» тақырыптарында баяндама оқыды.
Іс-шара барысында Ж.Жабаев орта мектебінің музей жетекшісі Лаура Өксікпаева сөз алып, музей мен мектеп арасындағы байланысты жүйелі түрде жүргізе отырып байланысты нығайта түсу туралы өз ойын ортаға салды.    

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының жанынан құрылған «Жас шеберлер» үйірмесінің кезекті сабағы өтті.


«Көне мен жаңаны ұштастырған —қолөнер» тақырыбындағы сабақ аясында үйірме мүшелеріне «шағын құмыралар жасау» практикалық жұмыстары бойынша шеберлік сабақ жүргізілді.

ОҚУШЫЛАРҒА ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ НАСИХАТТАЛДЫ

Сәуір айының 6-сы күні «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері С.Пәрменқұл мен М.Зияевтар Отырар ауданына қарасты Шәмші ауылында орналасқан А.Құнанбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары мен ұстаздарына «Отырардағы мәдениеттің дамуы» және «Керамикалық бұйымдардағы ғұрыптық нақыштардың маңыздылығы» тақырыбында көрме ұсынды.
Шараның мақсаты: Көне жәдігерлердің жасалу технологиясы мен пайда болу кезеңін насихаттау және музей қорындағы көне жәдігерлер коллекциясын көпшілікке таныстыру болып табылады.
Көрмеге музей қорындағы саздан жасалған, Отырар қалажұртының өркендеу кезеңінен мәлімет беретін ыдыс-аяқтар жиынтығы мен қару-жарақ түрлері көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, Отырар өңірінен табылып отырған керамикалық бүйымдардағы ғұрыптық нақыштардың маңыздылығы мен Отырар қалажұртындағы мәдениеттің даму тарихы жайында дайындалған көрме слайд арқылы таныстырылды.
Іс-шара барысында Сәбит Пәрменқұл оқушыларға «Қоқан езгісіне қарсы қазақ батыры – Мұсабек» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрісте қазақ елінің тәуелсіздігі жолында аянбай қан мен терін төккен Мұсабек батырдың өмірбаяны мен сіңірген еңбегі жайында толыққанды мағлұмат берілді. 

Пышақшы төбе қалажұрты

«Отырар » мемлекеттік археологиялық музей - қорығының аға ғылыми қызметкері А.Таубек Полат Әйтменов атындағы негізгі орта мектебінің оқушыларына «Пышақшы төбе қалажұрты» туралы дәріс оқыды.
Дәрісті оқудағы басты мақсат: аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени мұраларды, өскелең ұрпаққа ескерткіштерге деген құрмет сезімін ояту,тарихи мұраларымызды қорғау және насихаттау болып табылады.
Дәрісте Отырар өңіріндегі, Мыңшұқыр ауылында орналасқан, І-ХІІ ғасырлардағы тарихи-мәдени ескерткіш - Пышақшы төбе қалажұрты туралы мол мағлұматтар берді.

ОТЫРАРДАҒЫ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ

Наурыз айының 31-і күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы Шардара ауданына қарасты Көксу ауылында орналасқан Саттар Ерубаев жалпы орта мектебінде «Отырардағы мәдениеттің дамуы» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Көне жәдігерлердің жасалу технологиясы мен пайда болу кезеңін насихаттау және музей қорындағы көне жәдігерлер коллекциясын көпшілікке таныстыру болып табылады.
Көрмеге музей қорындағы саздан жасалған, Отырар қалажұртының өркендеу кезеңінен мәлімет беретін ыдыс-аяқтар жиынтығы мен қару-жарақ түрлері көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар, Отырар мәдениетінен әр ғасыр кезеңінен мәлімет беретін археологиялық қазба барысында анықталған архетектуралық кешендер жөнінде ақпараттар слайд арқылы таныстырылды.
Шара барысында «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері Н.Сералы мен М.Зияев Отырар музей-қорығының құрылу тарихы, кешегісі мен бүгіні дайындаған баяндамаларын оқып, оқушылар мен пән мұғалімдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара аясында мектептің музей меңгерушісі Ғалия Шуленова мен Торыбаева Шолпан дайындаған «Отырардан шыққан оғлан» тақырыбында іс-шараға жалғасып, мектептің үйірме қатысушылары Отырар өңірінен шыққан С.Ерубаев Ш.Қалдаяқов М.Шахановтың шығармаларынан өлең жолдарын жолдады.

ҒАСЫРЛАР СӘУЛЕСІ

Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «Ғасырлар сәулесі» тақырыбында көрме ашылды.
Көрменің мақсаты өткен тарихымызбен мәдениетіміздің бір айғағы болып саналған жәдігерлерімізді көпшілікке насихаттау болып табылады.
Көрме археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған түрлі кезеңдерді сипаттайтын шырағдандармен жабдықталды.
Көрменің ашылу салтанатында Отырар ауданы әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Махашов Жангелді Меңлібайұлы ашып беріп, бай тарихымыз бен өнегелі өткенімізден хабар беретін құндылықтарымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға сәттілік тіледі.
Көрме Сапар орталығының уақытша көрме залында 1 ай көлемінде көпшілік назарына ұсынылады.
Отырар ауданының тұрғындары мен қонақтарына көрмені тамашалауға шақырамыз.

«Ұлт мәдениетінің қоғамдағы маңызы»

Отырар ауданы, Темір ауылындағы С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінің 9-10 сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкерлері Ж.Өскенбаева, М.Ахмет «Ұлттық киім ұлт мұрасы», «Қазақтың ұлттың тағамдары» тақырыбында дәріс оқыды.
Ұлтымыздың мұрасын сақтауға және оны насихаттауға бағытталған танымдық сабақта табиғат төсінде еркін ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың әдет-ғұрпымен, дүниетанымымен сабақтасқан киім кию мәдениеті мен ұлттық тағам түрлеріне тоқталып, оқушылардың ой-пікірлерімен бөлісті.

ЕСКЕРТКІШТЕР – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ

2023 жылдың 29 наурыз күні Маяқұм ауыл округінің әкімшілігінде «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ғылыми – зерттеу» бөлімінің қызметкерлері «Маяқұм ауыл округіндегі ескерткіштерді қорғау және сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты өлкеміздегі тарихи ескерткіштерді қоғау, сақтау болып табылады.
Жиынды ашқан музейдің аға ғылыми қызметкері А.Таубек жалпы өлкеміздегі тарихи мәні бар ескерткіштер мен мемлекеттік қорғауға алынған ескерткіштер тұрғысында қысқаша мағлұмат беріп өтті.  «Тарихи ескерткіштерді қорғау» бөлімінің бас инспекторы Қ.Шохаев тарихи ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама оқып, музей қарауындағы ескерткіштерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, слайд арқылы ескерткіштердің, олардың қорғалу аймақтарындағы бүліну келеңсіздіктеріне тоқталып, қазіргі таңда далалық жерлерде «қара археологтар» металл іздегіш радарлармен археологиялық ескерткіштерді қазып, талқандап кету жағдайлары көп кездесіп жатқандығын айтып өтті. Шара барысында Маяқұм ауыл округі әкімі м.у.а Р.Жаңабек мырза сөз алып, Маяқұм ауылдық округтеріне қарасты ескерткішті бастапқы қалпында сақтау қазіргі уақытта өзекті мәселе болып отыр. Сол үшінде әрбір адам мәдени мұраларымызды зақым келтіруден қорғап, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ескерткіштерді қорғау елдің, бүтін халықтың баға жетпес асыл қазынасы екенін түсіндіріп отырса келешек ұрпақтың да өз елінің мәдениеті мен өткен тарихына жанашырлықпен қарайтыны анық екендігін айтып, ескерткіштердің жай-күйін хабардар етіп отыратындығын ескертті. Дөңгелек үстелге Маяқұм ауыл әкімшілігінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, ауыл тұрғындары қатысып, Маяқұм ауыл округіне қарасты ескерткіштер тұрғысында бірнеше сұрақтар қойып тұшымды жауап алып музей қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

ӨРНЕКТІ КЕБЕЖЕ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы жанынан құрылған «Жас шеберлер» үйірмесі аясында суретші-құрастырушы Нұрлан Усайнов «Өрнекті кебеже» тақырыбында дәріс өтті.
«Жас шеберлер» үйірмесі аясында өскелең ұрпақтың ұлттық құндылығымызға, тұрмыста қолданылған көне бұйымдарға деген қызығушылығын ояту, үйрету және насихаттау мақсатында өткен шараға үйірме мүшелері қатысты.

«ӘЛ-ФАРАБИ ІЗІМЕН» КВЕСТ ОЙЫНЫ 

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында «ӘЛ-ФАРАБИ ІЗІМЕН» тақырыбында квест ойыны өтті.
Шараның мақсаты: мектеп оқушыларын музей құндылықтарын насихаттау арқылы, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Квест ойынына Жамбыл атындағы орта мектеп – лицейінің О. Құлымбетов жетекшілік ететін « Жас археолог» үйірмесінің 9 сынып оқушылары қатысты.
Ойынның шарты бойынша оқушылар 2 топқа бөлініп, тапсырмалар орындады.
Музей-қорығының таныстырушысы Жадыра Орынбай 1 кезеңде оқушыларға өлкеміздің тарихымен таныстырып, 2 кезең бойынша Әбу Насыр Әл-Фараби туралы ақпараттар беріп, оның мұраларын насихаттады. Одан соң, бірінші кезеңнен екінші кезеңге өту үшін жұмбақтар жасырылып, жауабына сәйкес келесі кезеңге өтетін орынды анықталды.
Оқушыларға музей қорындағы жәдігерлерді, тарихи-мәдени мұраларды, квест ойыны арқылы көрсете отырып, тарихқа қызығушылығын арттыру, интеллектуалды қабілеттерін арттыру, шығармашылық белсенділігін қалыптастыру, қажетті ақпаратты жылдам игеруге бейімдеу мақсатында әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді.
Ойын нәтижесінде екі топта белсенділік танытқан оқушылардың еңбектері бағаланып, марапатталды.

Тарихы терең қазыналы өлке

Отырар ауданы, Темір ауылындағы С.Әлиев атындағы жалпы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері М. Байтасов «Тарихы терең қазыналы өлке» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәрісте оқушыларға Отырар алқабының тарихына, мәдениетіне, тарих-мәдени құндылықтарына тоқталып, көптеген мағлұматтар берді.

ҚОШ КЕЛДІҢ - ӘЗ НАУРЫЗ!

2023 жылдың көктемнің жарқын мерекесі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы да келіп жетті. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Наурыз мейрамында әркім жылы шырай сезіне бастап, сағынышты көрісулерімен, жалынды құшақтасуларымен жаңа жылды қарсы алады.
Бүгін «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұжымы дәстүр бойынша Наурыз мейрамын атап өтті.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, әндер шырқалып, билер билелді.
Ақ дастарханның қадірлі қонақтарының ақ жарма тілектері тыңдалып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, көпшілікке наурыз көже ұсынды.

  КӨНЕ МЕН ЖАҢАНЫ ҰШТАСТЫРҒАН – ҚОЛӨНЕР

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы жанынан құрылған «Жас шеберлер» үйірмесінің кезекті сабағы өтті. "Жас шеберлер" үйірмесі аясында "Көне мен жаңаны ұштастырған – қолөнер" тақырыбындағы үйірме сабақ барысында сазды илеу, тығыздау. Ауасын шығару, жабысқақтығын баптау. Жасайтын бұйымның эскизін дайындау, әртүрлі көлемдегі фактуралар басу тәсілдері бойынша Ерімбетов Жанұзақ шеберлік сабақтар жүргізді.  

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ ОТЫРАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Наурыз айының 16-сы күні «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы, «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері С.Пәрменқұл мен М.Зияевтар Отырар ауданына қарасты Шілік ауылында орналасқан Сейітжан Құртаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде «Тәуелсіздік жылдардағы Отырардың зерттелу тарихы» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Отырардағы археологиялық зерттеу жұмыстарын насихаттау мақсатында дайындалған дәрісте тәуелсіздік жылдары жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижелері мен әрбір нысанның қысқаша тарихы мен суреттері слайд арқылы оқушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар, «Керамикалық бүйымдардағы ғұрыптық нақыштардың маңыздылығы» тақырыбында дайындалған көрме слайд арқылы таныстырылып, оқушылар мен пән мұғалімдері тарапынан қойылға сұрақтарға жауап берілді.  

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ- ӘЗ НАУРЫЗ

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығында  17 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні- әз Наурыз» атты іс-шара өтті. Іс-шараға  Отырар ауданы, Темір ауылындағы «Алпамыс» балабақшасының тәрбиеленушілері мен музей қызметкерлері қатысты. Іс- шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ұлыстың ұлы күні туралы түсінік беру, Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіру, оның маңыздылығын арттыру. Ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу. Іс-шараны «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры Жангелді Махашов ашып беріп, Наурыз мерекесін құттықтады. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының Наурыз мерекесімен байланысы туралы Ақлима Жұмашова баяндама оқыды.          Одан соң, «Алпамыс» балабақшасы бүлдіршіндерінің өнерлері тамашаланды. Би билеп, ән шырқап, қыз бен жігіт айтысымен ерекше әсер қалдырған бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.          Іс-шара соңында Наурыз мерекесінің символы әрі ұлттық тағамымыз – Наурыз көже көпшілікке таратылды.  

ОБЛЫС ӘКІМІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында халықпен кездесуі өтті. Тарихи өлкеде ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Халықпен кездесуінде ол Отырар өңірі Түркістан қаласымен бірге дамитындығын жеткізді. Өйткені туристік әлеуеті өте жоғары екендігін, Қасиетті Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындар саяхатшыларды қызықтыратындығын атап өтті.
Облыс әкімі Отырар ауданындағы жұмыс сапарында Отырар қалажұртында тарихи нысандармен танысты. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының м.а Ж.Махашов 2020-2022 жылдар аралығындағы Отырар қалашығын ішінара зерттеу, сақтау, қайта қалпына келтіру жобасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы атқарылатын жоспарларын атап өтті. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы танысу барысында тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Отырар қалашығын туристерге тиімді қызмет көрсету үшін пайдалану керектігін атап өтті. Сондай-ақ, музей-қорық қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі.

ОБЛЫС ӘКІМІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында халықпен кездесуі өтті. Тарихи өлкеде ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Халықпен кездесуінде ол Отырар өңірі Түркістан қаласымен бірге дамитындығын жеткізді. Өйткені туристік әлеуеті өте жоғары екендігін, Қасиетті Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындар саяхатшыларды қызықтыратындығын атап өтті.
Облыс әкімі Отырар ауданындағы жұмыс сапарында Отырар қалажұртында тарихи нысандармен танысты. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының м.а Ж.Махашов 2020-2022 жылдар аралығындағы Отырар қалашығын ішінара зерттеу, сақтау, қайта қалпына келтіру жобасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы атқарылатын жоспарларын атап өтті. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы танысу барысында тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Отырар қалашығын туристерге тиімді қызмет көрсету үшін пайдалану керектігін атап өтті. Сондай-ақ, музей-қорық қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері

«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің ұйымдастыруымен «Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері» тақырыбында ұжымдық отырыс өтті.
Жиынды Комплаенс - офицері Ералы Шоқай ашып беріп, ол таңдалған еңбек саласында және еңбек тәртібін сақтауда тәртіп ең негізгі күш екенін атап өтіп, еңбек тәртібінде ішкі тәртіп ережелерін қатаң түрде сақтау және саналы түрде орындау керектігін жеткізді. Одан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мүшесі Нұрсұлтан Бекешов музей-қорықтың ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, оларға жеке-жеке түсініктеме берді. «Кәсіподақ» бастауыш ұйымының төрағасы Нұрлан Сералы қызметкерлердің негізгі міндеттеріне тоқталды.

ШӘКӘРІМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫ 

Қазақтың ұлы ойшылы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығының «Этнография, әдебиет және мәдени – көпшілік іс – шаралар» бөлімінің Кіші ғылыми қызметкері Абдуахитов Ерқожа Сейтжаппарұлы «Шәкәрім және қазақ дүниетанымы» тақырыбында ғылыми дәріс оқыды.
Дәріске Мұхтар Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің 5-6-7 сынып оқушылары қатысты.
Іс – шараның мақсаты: Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, ұғындыру.
Шара соңында Абдуахитов Ерқожа мектеп оқушыларына музей экспозициясына экскурсия жүргізді.  

ОБЛЫС ӘКІМІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданында халықпен кездесуі өтті. Тарихи өлкеде ауданда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Халықпен кездесуінде ол Отырар өңірі Түркістан қаласымен бірге дамитындығын жеткізді. Өйткені туристік әлеуеті өте жоғары екендігін, Қасиетті Арыстан баб кесенесі, Отырар қалашығы және өзге де тарихи орындар саяхатшыларды қызықтыратындығын атап өтті.
Облыс әкімі Отырар ауданындағы жұмыс сапарында Отырар қалажұртында тарихи нысандармен танысты. «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығы директорының м.а Ж.Махашов 2020-2022 жылдар аралығындағы Отырар қалашығын ішінара зерттеу, сақтау, қайта қалпына келтіру жобасы аясында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы атқарылатын жоспарларын атап өтті. Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы танысу барысында тарихи құндылықтарымызды насихаттау мақсатында Отырар қалашығын туристерге тиімді қызмет көрсету үшін пайдалану керектігін атап өтті. Сондай-ақ, музей-қорық қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тіледі.

Азаттық күрестің жалынды жаршысы



Бүгін Шәуілдір ауылындағы Ш. Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы 9 сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ғылыми қызметкері М. Байтасов Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Азаттық күрестің жалынды жаршысы» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен оқушылар М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мағлұматтар алды.

Музей қорындағы зергерлік бұйымдар



Бүгін 7 наурыз күні Көкмардан жалпы орта мектебінде 9-сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Кемелова Қалипа «Музей қорындағы ХІХ-ХХ ғасырлар аралығындағы зергерлік бұйымдар топтамасы» тақырыбында виртуалды этнографиялық көрмемен таныстырды. «Білектің көркі бес білезік» тақырыбында дәстүрлі қолөнер бұйымдарының ішінде күмістен жасалған білезіктердің ерекшелігіне тоқталып, оқушыларға кеңінен насихаттап, олардың тарихи маңызын жойып алмау мақсатында дәріс оқыды. 

Отырардағы керамика өндірісінің дамуы


«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей - қорығының аға ғылыми қызметкері А.Таубек Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің 10 - сынып оқушыларына «Мыңшұңқыр шеберханасы » туралы дәріс оқыды.
Дәріс барысында Отырар өңіріндегі археологиялық қазба барысында табылған керамикалық бұйымдарды негізге ала отырып, саз өндірісінің дамуы мен жасалу технологиясы бірнеше кезеңге, яғни қарапайым түрде жасалған керамика түрлері сырлы, сырсыз, өрнекті, өрнексіз таңбалы керамикалық бұйымға дейінгі өндірісінің өзіндік даму ерекшелігі жайында мол мағлұматтар берді. 

Кеңпейілді Қазақ елі



«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей қорығының ғылыми қызметкерлері Сералы.Н және Зияев.М Түркістан қаласындағы Қ.А.Яссауи Халқаралық Қазақ-Түрік Университетінің тарих факултетінің студенттерімен Алғыс айту күніне орай кездесу өткізді. Кездесу барысында ғылыми қызметкер Нұрлан Сералы кеңес өкіметі кезіндегі қысым көріп Қазақ жеріне жер аударылған халықтардың тауқыметі туралы «Зұлмат жылдардың зобалаңы» тақырыбында баяндама жасаса, Ғылыми қызметкер Мейірхан Зияев қазіргі таңдағы көп ұлтты қазақ жерінде толеранттық сақталынып өзге ұлт өкілдерінің арасындағы салтанат құрған құтты қонысына айналған қазақ жері туралы «Кеңпейілді Қазақ елі» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ, студенттермен еркін форматта пікір алмасты. 

МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР 

 

Бүгін 3 наурыз күні Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде 9 сынып оқушыларына «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей – қорығының Кіші ғылыми қызметкері Абдуахитов Ерқожа «Музей қорындағы ағаштан жасалған бұйымдар» тақырыбында виртуалды көрмемен таныстырды. Виртуалды көрмеде музей залындағы ағаштан жасалған этнографиялық жәдігерлер жайында, сондай – ақ, қазақ халқының мал және егін шаруашылығы, аңшылық, балық аулау кәсіптері туралы мектеп оқушыларына мол мағлұматтар берді.

ЖӘДІГЕР ЖАНАШЫРЫ – АСАНТАЙ ӘЛІМОВ

«Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығы мен Темір жалпы орта мектебінің қызметкерлері тарихшы, өлкетанушы, ақын, суретші, музей «Отырар» -қорығының негізін қалаушы Асантай Әлімұлына налған «Жәдігер жанашыры – Асантай Әлимов» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Музей «Отырар»-қорығының негізі 1967 жылы Темір орта мектебінен бастау алғандықтан семинар мектептің мұражайында өтті.
Семинары «Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығының каталоги Жангелді Махашов ашып беріп, тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа аманат етуді өзінің өмірлік мақсаты п, жинақталған құнды жәдігерлерді мәдениеет орнына айналдыруға зор үлес қосқаны туралы айтып өтті. Одан соң сөз алған музей ардагері Нұртаза Алдабергенов музей адамы туралы естеликтер айтып, охан арнап эскерткіш орнату туралы ұсынысын білдірді.
«Дала археологы», «Музей - адам» деген лақап аттармен белгілі Асантай Әлімұлы туған өлкесиндегі көптеген заттық-тұрмыстық мәдениеет ескерткіштерін тауып, ғылымға «Отырар-Қаратау археологиялыҚ м әдениет эскерткіштері» деген атпен енген тарих пен мәдениет құндылықтарының табылуйна, сақталуына, зерттелуіне өзіндік үлкен үлес қосқан өлкетанушы туралы ғылыми қызметкер Мира Ахмет баяндамасында айтып өтсе, көпшілікке ұсынылған бейнеролик ониң өмір тарихын туралы толық ақпарат берді.
Мектеп оқушылары Асантай Әлімұлының өлеңдерін оқып, ониң шығармаларының негізгі тақырыбы тарихи аңыз, ғылым, білім, мәдени мұралар, адам тағдыры, сын-сықақ туралы в насихаттады.
Сондай-ақ, іс-шарада Асантай Әлімұлының ұлы Марэн Асантайұлы әкесі жайлы, ониң ұрпақтарына айтқан өнегелі өсиеттері туралы айтса, немересі Асанбай Асантай шәкіртерімен күй орындап берді.
Мектеп тарапынан сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Пірман осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында адамшгершілік, ұлттық рух пен патриотық сезімді қалыптастырып, өнегели тербие берут в летние дни.
«Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директории Жангелді Махашов семинары қортындылап, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мектеп оқушыларына және мұражайтанушы Айнұр Сартбаға с хаттаром табыстады.

Ескерткіштерді қорғау —елдіктің белгісі

2023 жылдың 24 ақпан күні Көксарай ауыл округінің әкімшилігинде «Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығы, «Тарих және мәдениеет ескерткіштерин қоғау ғылыми зерттеу» бөлимінің қызметкерлері «Көксарай ауыл округіндегі ескерткіштерді қорғау және сақтау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты өлкеміздегі тарихи ескерткіштердің қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз это ту бағытындағы шараларды кеңінен насихаттау болып табылады. Жийында «Тарихи эскерткіштерді қорғау» бөлімінің бас инспекторы Қуаныш Шохаев тарихи эскерткіштерді сақтаудың маңыздылығы туралы баяндама оқып, музей қараундағы ескерткіштерге тоқталып өтті. Сонымен қатар, слайд арқылы эскерткіштердің, олардың қорғалу аймақтарындағы бүліну келеңсіздіктеріне тоқталып, қазіргі таңда далық жерлерде «қара археолог» металл іздегіш радармениалы еск ерткіштерді қазып, талқандап кету жағдайлары көп кездесіп жатқандығын айтып өтті.
Шара барысында Көксарай ауыл округи әкімининің орынбасары Темирбеков Аян мырза сөз алып, Көксарай ауылдық отерине қарасты ескерткіштің жай-күйин хабардар етіп отыратындығын ескерткіштер, когда ауласына егін егуге, құрылыс приветствует болмайтындығын ауыл тұрғындарына баса түсіндірді. Ауыл тұрғындары Көксарай ауылдық округине қарасты ескерткіштер тұрғысында бірнеше сұрақтар қойып тұшымды жауап алып музей қызметкерлерине ризашылығын білдірді. 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ОТЫРАР ЖӘДІГЕРЛЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан

 Республикисы Мәдениет және спорт министрлигіне қарасты «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымыруймен Түркістан облысы, Мұстафа Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектебінде От «ырардың жау һар жәдігерлері» тақырыбында көрме қойылды.
Көрменің мақсаты: Отырар өңірі тарихы туралы көпшілікке кеңінен насихаттау. Музей қорына жинақталған жәдігерлерді, мемлекет қорғауына алынған тарихи эскерткіштерімізді сақтауға, тарихымызды жаңғыртуға, жас жеткіншектерге тарихымызды насихаттайғырып, олар рухан и тәрбие беру болып табылады.
Көрмеге Отырар өңірінен табылған сақ, ғұн дәуіріне жататыны археологиялық жәдігерлер қойылып, музейдің археологиялық залындағы елгі тас ғасыры (палеолит) дәуірен бастап, қазақ ханды ғы тұсындағы жәдігерлері мен этнографиялық бұйымдар, Отырардың тарихи-мәдени ескерткіштерінің әуеден түсірілген суреттері көпшилік назарына ұсынылды. Көрмені 156 оқушы тамашалады. 

СЫР БОЙЫНЫҢ САҢЛАҒЫ

«

Отырар» мемлекеттик археологиялық музей-қорығынының ғылыми қызметкері Н.Емашова Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына орай Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушыларына Жүргеновтың өмір жолы» тақырыбында деріс оқыды. Жас ұрпақты ұлы тұлғаларды үлгі ету, туған жерін сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткен дерісте бүгінгі ұрпақ есімин құрметпен атайтын айтулы т ұлғалардың бірі – көрнекті қоғам қайраткері және журналист Темірбек Жүргеновтың өмірі мен ониң еңбектері насихатталды. 

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА МУЗЕЙ ҚОРЫНДАҒЫ ЖӘДІГЕРЛЕР ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР БЕРИЛДІ

«Отырар» мемлекеттика археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруймен Қ.Мұңайтпасов орта мектебіне «Керамикалық бұйымдардағы ғұрыптық нақштардың маңыздылығы» тақырында көшпелі ме ылар мен мұғалімдердің назарына ұсынылды.
Іс-шара барысында «Археология» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкерлері Нұрлан Сералы және Мейірхан Зияев оқушыларға керамикиқ бұйымдардағы ғұрыптық нақыштардың ғ асыр ке Зеңінде Отырар өңірінде тіршілік еткен халықтардың діни соль дестүрлері туралы мағлұматтар берді. Сонымен қатар, Отырар өркниеті туралы және Арыстанбаб кесенесінің тарихы туралы да мәліметтер берілді.
Іс-шара аясында ғылыми қызметкер Нұрлан Сералы 7 сынып оқушыларына «Отырар өңірінің көне атаулары» тақырыбында деріс оқыды.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ОТЫРАРДА БОЛДЫ